Қарағанды облысындағы сайлау учаскелері сайлауға сақадай сай дайын

20:28, 10 наурыз 2016

ТМД байқаушылар миссиясының өкілі Евгений Козяк Қарағанды қаласындағы ең ірі сайлау учаскелерін аралап көрген соң осындай баға берді. Сонымен қатар облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетовпен кездесті

ТМД Байқаушылар  миссиясының өкілі алдымен №117 сайлау учаскісін бақылауға алды. Мұнда сайлаушылар үшін барлық жағдай қарастырылған. Ақпараттық материалдар ілініп, техникалық база да толық жабдықталыпты. Сайлаушылар тізімі нақтыланып, оларға шақыру қағаздары таратылған. Қазір елімізде саяси науқан өтетін орындарды бақылаушылар  жаппай назарға алған.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетовтың айтуынша, облыстағы 788 сайлау учаскесі  100 пайыз дайын. Бүгінгі күні тіркелген үміткерлердің жалпы саны 886 болса, олардың 125-і облыстық мәслихатқа, ал қалған 761 адам қалалық және аудандық мәслихаттарға сайлауға түспек.  Үміткерлердің орташа жасы 44 және 66 пайызы ер адамдар, арасында 18 ұлттың өкілі бар.

ТМД байқаушылар миссиясының өкілі сайлау учаскелерінің жұмысына оң бағасын берді. 20-наурыз күні еліміздің барлық аймағында өтетін саяси доданы миссияның 300-ден астам өкілі қадағаламақ.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

Тура 20:00 Қарағанды облысының 788 сайлау участкелері дауыс беруді тоқтатты
21:57, 20 наурыз 2016
Тура 20:00 Қарағанды облысының 788 сайлау участкелері дауыс...
Толығырақ...
№ 75 сайлау учаскісінде сағат 15:00 дейін 900 ден астам адам дауыс беріп үлгерген
18:20, 20 наурыз 2016
№ 75 сайлау учаскісінде сағат 15:00 дейін 900 ден астам адам...
Толығырақ...
Сайлауға ТМД елдерінен байқаушылар келді
18:18, 20 наурыз 2016
Сайлауға ТМД елдерінен байқаушылар келді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар