Қарағанды облысында 840 мың сайлаушы бар

14:38, 20 наурыз 2016

ҚР Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депуттаттарының сайлауы Қарағанды облысында белгіленген уақытта басталып кетті. Аймағымызда барлығы 840 мың сайлаушы бар екен. Олар қазір саяси науқанға атсалысуда. Менің әріптестерім қазір сайлау учаскілерінде биылғы жылдың басты оқиғасынан репортаждар ұсынатын болады. Айтуларынша, қарағандылық азаматтар саяси науқанға қатысуда белсенділік танытты

Таң атысымен дауыс беруге жанталасқандардың көптігі сонша, № 7 сайлау учаскесінің табалдырығы есік ашылмай жатып, кісіге толды. Бұған дейін мұндағы 2 300 сайлаушыға арналған бюллетендер мұқият саналып дайындалды. Сағат тура 7-де саяси науқан басталып кетті. Студенттер көтеріңкі көңіл-күймен,ертеңгі нұрлы келешекке нық сеніммен үн қосуда. Ел ертеңі үшін ерте тұрып сайлауға келгендер  арасында «Серпін» бағдарламасы бойынша Қарағанды техникалық университетінде оқып жатқан Өркен Тыйынов да бар. Алғаш рет саяси науқанға қатысып отырған ол алдымен жеке куәлігін көрсетіп, ел қатарлы тіркеуден өтті. Кейін қолына ұстатқан бюлютенді алып, өз таңдауын жасады. Сайлауда өз үндерін қосатын жатақханадағы  студенттер саны 150 ден астам екен. Басым көпшілі алғаш рет дауыс бергелі тұрғанымен , сайлау ережелерін жақсы біледі. Саяси шара өтіп жатқан  ғимаратта барлық талаптар сақталған. Жергілікті мәслихатқа  үміткерлер жайлы ақпарат қойылған, әр кандидаттың бақылаушылары да осында, тіпті веб камералар да орнатылған. Жалпы сайлау күні біздің тәуелсіз елімізде қашан да мерекелік сарында өтетіні белгілі, бұл үрдіс биыл да жалғасын тапты.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

Тура 20:00 Қарағанды облысының 788 сайлау участкелері дауыс беруді тоқтатты
21:57, 20 наурыз 2016
Тура 20:00 Қарағанды облысының 788 сайлау участкелері дауыс...
Толығырақ...
№ 75 сайлау учаскісінде сағат 15:00 дейін 900 ден астам адам дауыс беріп үлгерген
18:20, 20 наурыз 2016
№ 75 сайлау учаскісінде сағат 15:00 дейін 900 ден астам адам...
Толығырақ...
Сайлауға ТМД елдерінен байқаушылар келді
18:18, 20 наурыз 2016
Сайлауға ТМД елдерінен байқаушылар келді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар