Қарағанды қаласындағы №30 сайлау учаскесінің қызметкерлері қарамағындағы 34 үйдің табалдырығын аттап, сайлаушылырдың дауысын үйлерінен алды

14:12, 20 наурыз 2016

Өйткені, олардың көбі жасы ұлғайған еңбек ардагерлері және жүріп-тұру мүмкіндігі төмен жандар

18 жасында қолына қару ұстап, Отан қорғауға аттанған, сол бір сұрапыл  соғыстан  аман-сау еліне оралған жауынгердің бірі –Камали Дүйсенбеков.  Қарт майдангер қазір 92 жаста. Бірнеше рет Жеңіс парадына қатысқан Камали аға  4-ші Украина майданы мен Сталинград қаласын қорғауда ерліктің тамаша үлгісін көрсеткен. Сол жолы 1-ші дәрежелі және 2 рет 2-ші дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталды. Соғыстан кейін Жезқазған  өңірінде  еңбек етіп, Жаңаарқа, Шет аудандарына көп жыл басшылық жасады. Аталмыш аудандар мен Қарағанды қаласының «Құрметті азаматы» атанды.  Бүгінгі  күнді ерекше ықласпен қарсы алды. №30 сайлау учаскесі төрағасының орынбасары Жанар Оразбаева  ардагер ағаның үйіне  көшпелі урнамен арнайы келіп, халық қалаулыларының тізімі жазылған блютендерді ұсынды. Өмір мектебінен өткен соғыс және еңбек ардагері өз қалауын таңдады.

 

Әли ТОЙЖІГІТ 

Тақырып бойынша материалдар

Тура 20:00 Қарағанды облысының 788 сайлау участкелері дауыс беруді тоқтатты
21:57, 20 наурыз 2016
Тура 20:00 Қарағанды облысының 788 сайлау участкелері дауыс...
Толығырақ...
№ 75 сайлау учаскісінде сағат 15:00 дейін 900 ден астам адам дауыс беріп үлгерген
18:20, 20 наурыз 2016
№ 75 сайлау учаскісінде сағат 15:00 дейін 900 ден астам адам...
Толығырақ...
Сайлауға ТМД елдерінен байқаушылар келді
18:18, 20 наурыз 2016
Сайлауға ТМД елдерінен байқаушылар келді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар