Футболшылар дауыс берді

14:17, 20 наурыз 2016

Спортшыларымыз да өз үміткерлеріне дауыс беріп таңдауларын жасауда. Н.Әбдіров спорт сарайында таңертеңнен аяқ доп шеберлері ел қатарлы сайлауға қатысты

Н.Әбдіров спорт сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесіне барлығы 1010 адам сайлаушы ретінде тіркелген екен. «Шахтер» командасының капитаны сайлауға қатысу әр қазақстандықтың азаматтық парызы деп есептейтіндігін атап айтты.

Ал, Шахтер клубының жартылай қорғаушысы Мақсат Байжанов болса Қызылорда қаласының тумасы. Осыған орай футболшы сайлаудан бұрын қазір тұрып жатқан  жерінде дауыс беретіндігін айтып өтініш жазған екен

Кеншілер қатарына биыл ғана қосылған Армениялық легионер Роберт Арзуманиян да командаластарымен бірге келген екен. Әрине ол Қазақстанның емес, басқа елдің азаматы болғандықтан дауыс берген жоқ тек сырттай бақылап сайлау барысын тамашалауға келген.

№58 учаскелік сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуларынша таңсәріден зейнеткерлер белсенділік танытуда. Ең алғаш рет сайлауға қатысушыға және жасы ең үлкен дауыс берушілерге арнайы сый сияпаттар жасалуда.

Сонымен қатар осы учаскеге қарасты 26 адам денсаулықтарына байланысты үйден шыға алмайтындықтарын айтып өтініш қалдырған көрінеді. Комиссия мүшелерді олардың үйлеріне көшпелі урналармен арнайы барып қызмет көрсететін болады.

 

Ботабек ТІЛЕГЕНОВ 

Тақырып бойынша материалдар

Тура 20:00 Қарағанды облысының 788 сайлау участкелері дауыс беруді тоқтатты
21:57, 20 наурыз 2016
Тура 20:00 Қарағанды облысының 788 сайлау участкелері дауыс...
Толығырақ...
№ 75 сайлау учаскісінде сағат 15:00 дейін 900 ден астам адам дауыс беріп үлгерген
18:20, 20 наурыз 2016
№ 75 сайлау учаскісінде сағат 15:00 дейін 900 ден астам адам...
Толығырақ...
Сайлауға ТМД елдерінен байқаушылар келді
18:18, 20 наурыз 2016
Сайлауға ТМД елдерінен байқаушылар келді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар