№ 75 сайлау учаскісінде сағат 15:00 дейін 900 ден астам адам дауыс беріп үлгерген

18:20, 20 наурыз 2016

ҚР Парламент Мәжілісі мен барлықмәслихаттар сайлауы Қарағанды облысында қарқынды өтуде. Азаматтардың саяси науқанға қатысу деңгейі жоғары. Мәселен № 75 сайлау учаскісінде сағат 15:00 дейін 900 ден астам адам дауыс беріп үлгерген

Жалпы №75 сайлау учаскісінде 1832 сайлаушы тіркеуде тұр.  Таңертеннен тұрғындар өз таңдауларын жасап, белсенділік танытуда. Денсаулық жағдайымен мұнда  келе алмайтын 33 адамға көшпелі сайлау жәшіктері үйлеріне жіберілді. Бұл жолғы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге облыс бойынша 1105 сайлау комиссиясы құрылған.  Олардың құрамында 7 мыңнан астам мүше тіркелген. Барлығы тиісті дайындық пен оқытудан өткен. Алған біліктіліктерін саяси науқанды ұйымдастыру барысында көрсете алғандығын атап өтті байқаушылар. №75 сайлау учаскісінде әзірге тізімдегі сайлаушылардың 921-і адам саяси додаға үн қосып, өз таңдауларын жасап үлгерді. Алғашқы рет сайлауға қатысқандарға сыйлықтар үлестірді. 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Тура 20:00 Қарағанды облысының 788 сайлау участкелері дауыс беруді тоқтатты
21:57, 20 наурыз 2016
Тура 20:00 Қарағанды облысының 788 сайлау участкелері дауыс...
Толығырақ...
Сайлауға ТМД елдерінен байқаушылар келді
18:18, 20 наурыз 2016
Сайлауға ТМД елдерінен байқаушылар келді
Толығырақ...
Теміртаудағы нөмері 168 сайлау участискісінде 1980 дауыс беруші тіркелген
14:39, 20 наурыз 2016
Теміртаудағы нөмері 168 сайлау участискісінде 1980 дауыс бер...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар