Тағылымды шара

18:21, 3 тамыз 2017

Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 350 жылдығына орай, облыс орталығында М.Әуезов атындағы орталық кітапханада «Сарырқаның ұлы биі – Қаз дауысты Қазыбек би» атты портреттік кеш өтті. Шарада зиялы қауым өкілдері ұлы тұлғаның мұрасын терең зерттеу өзекті екенін айтты

Қаз дауысты Қазыбек бидің алған білімі туралы нақты дерек жоқ,- дейді ғалымдар. Келешек жастарға ұлы тұлғаның мұраларын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара оның бір парасы ғана.

Гүлнар ҚАРАҚОНЫСОВА М.Әуезов атындағы қалалық кітапхананың директоры

Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығына орай көптеген іс шаралар өтіп жатыр. Оған біздің атақты жазушы қаламгерлеріміз қатысып отыр. Мұндағы біздің мақсатымыз жастарға ұлы бабалардың шығармашылығын, өмір деректерінен мәлемет беру, ұлықтау.

Жиында зиялы қауым өкілдері бабамыздың жыр дастандарынан үзінді оқыды. Қатысушылар Қаз дауысты Қазыбек биге арналған мақалалармен және кітап журналдарда жрмияланған шешендік сөздерімен танысты.Қызықты өткен кеш тағылымды болды.

Зарқын ТАЙШЫБАЙ  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор

Бабамыз Қаз дауысты Қазыбектің мына 350 жылдығы аталып өтілуі бүкіл Қазақстан үшін қасиетті, сауапты іс болайын деп отыр. Себебі, Қаз дауысты Қазыбектің аты барша жұртқа мәлім. Оның ісі туралы, қызметі туралы, қазақ халқының алдындағы атағы мен қазақ халқының бақытына , болашағына паш ететіндей, дәріптейтіндей нәрсенің Қарағанды да өтетіні қуантарлық нәрсе болайын деп отыр.

Одан кейін кешке жиналған қауым Қарағанды шахарындағы баба ескерткіші алдына гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар