Табысты болудың ең негізгі жолы – білім

14:31, 30 мамыр 2017

Мұны «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты мақаласында Елбасы айырықша айтқан болатын. Бұл тұрғыда оқу жүйесін жандандыруға өз үлесін қосқан жандар еңбегі ерекше. Соның бірі - ҚазақССР Халық ағарту ісінің үздігі, марқұм Қайып Шайменов. Биыл ұлағатты ұстаздың туғанына 90 жыл. Атаулы датаны Нұра ауданының Шахтер ауылындағы мектеп ұжымы кеңінен атап өтті

Мәрбетелі мұғалімді  еске алу шарасына жиналғандарды оқушылар ерекше құрметпен қарсы алды. Шахтер ауылындағы бұл орта мектеп 2000 жылдан бері  Қайып Шәйменовтің есімімен аталады. Себебі, ұлағатты ұстаз аталмыш оқу орнына он жыл бойы жетекшілік еткен. Ол кісінің  мұғалімдерге қойған  басты талабы - сапалы білім мен тағылымды тәрбие болатын.. Білікті директор оқу орнының материалдық-техникалық базасын жаңалауға ерекше мән берген. Енгізген жаңашылдығын шәкірттері мақтана еске алды.

Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ  мемлекет және қоғам қайраткері

Бұл кісі тарих пәнінен бізе сабақ берген. Сол кезде 60 жылдары бірнеше пән кіргізген. Қоғамтану. Мұндай бұрын кезінде болмайтынды. Жаңа философиялық негіздерді түсіндіретін сондай жан болатынды.

Қайып Шәйменов Алматы педогогикалық инстутының түлегі.  Алғашқы еңбек жолын Захаров орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. Бұдан бөлек, Нұра аудандық партия комитетінің нұсқаушысы,  ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі және аудандық білім беру бөлімінің басшысы тәрізді лауазымды қызметтер атқарған.  Кейін 10 жыл бойы Шахтер ауылындағы орта мектеп директорлығына тағайындалып,осы оқу орнынан зейнеткерлікке шыққан. Бүгінде аталмыш білім мекемесінде 200-ге жуық оқушы оқиды.

Ниқанбай ОМАРХАНОВ  Нұра ауданының әкімі

Нұрсұлтан Назарбаевтің «Рухани жаңғыру» атты бірден бір ғасырлық баяндамасында құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын, ұлт қана табысқа жетеді деп атап өткенін білесіздер.  Қайып Шайменов атындағы мектеп оқшылары қай кезде де терең білімді алу жолында жалықпай талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азаматтар болатына сенеміз.

Қайып Шайменов Халық ағарту ісінің үздігі, бірнеше білім саласындағы төсбелгілердің   иегері. Бұл марапаттар мектеп музейне қойылған. Мұнда өнегелі тұлғаның  костюмі мен сөмкесі, қол сағаты және тұрмыстық тұтынған заттары да сақталған. Ұлағатты ұстаз мектептегі мыңдаған  шәкірттерінен бөлек, 5 бала тәрбиелеп өсірген әке. Перзенттері әке жолын қуып бүгінде білім саласын өркендетуге өз үлестерін қосып жүр.  

Есентай ШАЙМЕНОВ    Қ.Шайменовтің ұлы

Қазір мен міне бірқатар жасқа келдім, бірақта әкем маған бір ұрыспаған кісі. Бір қолын көтеру туралы әңгіме жоқ. Бірақта айтатын сөздерін жеке шығарып айтатынды

Еске алу шарасында педагогтың шәкірттері мен туған-туыстары ұстаздың қалдырған ізі мәңгілік жаңғырып тұрады деп атап өтті. Марқұмның балалары мектеп оқушыларына арнап интерактивті тақтаны сыйға тартты. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем ән шырқап, келген қонақтарға ерекше әсер сыйлады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар