Шет ауданында тіл мамандары бас қосқан ғылыми конференция өтті

13:09, 14 сәуір 2016

Мемлекет басшысы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты кезекті Жолдауында еліміз бүкіл әлемге үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиістігін атап өткен болатын. Осы орайда Шет ауданында тіл мамандары бас қосқан ғылыми конференция өтті. «Үш тұғырлы тіл саясаты-жастардың болашағы мен мүмкіндігі» деп аталатын бұл жиынға ҚарМУ педагогтері мен тілдерді дамыту орталықтарының мамандары қатысып, жан-жақты пікірлер алмасты

Он алты жасар Вадим Струшко Елбасымыздың үш тұғырлы тілді өркендету бастамасын қолдап, жүзеге асырушылардың бірі. Ол қазақ тілінде сайрап, ағылшын тілінде емін-еркін тілдесе алады. Орыс тілді болғанмен Вадим мемлекеттік тілге ден қойып, айналасындағылармен де қазақша сөйлесуді мақсат тұтқан. Тілді дамыту тақырыбындағы бұл  жиынға ауданның барлық сала мамандары жиылды.  Ал шараның басты мақсаты «үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау, халықтың ой-пікірімен бөлісу болды. Филиолгия ғылымдарының докторы Шара Мәтжітаевамен доцент Жаңбырбай Қағазбаев баяндама жасады. Одан соң қатысушылар тіл мәселесіне байланысты өзіндік ой-пікірлерін ортаға салып, кең көлемде талқылады. Шет өңірінің мұғалімдері бұл шарадан алған әсерлерімен былайша бөлісті. Бүкіл Қазақстанда  өзге этнос өкілдері мемлекеттік тілімізді биікте ұстап, өз тілдерін де жетік меңгеруге мүмкіндік алған. Бұл еліміздің татулық пен  бірлігі жарасқан жасампаздығымыздың айғағы. Қазақ тілі  мемлекеттігіміздің негізі болса, орыс тілі - ресми тіл болып бекітілген. Ал ағылшын тілі өркениетке бастаушы әлем мойындаған тіл. Сондықтан қазіргі жастар осы үш тілді  еркін меңгеру керек» дейді шараны ұйымдастырушылар.  Білім мен ғылымның, экономиканың, саясаттың,бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу  қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақ жастардың алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Жиынға қатысушылар отырыстан соң «өзге  тілдің бәрін меңгеріп, мемлекеттік тілді құрметтеу парызымыз» деп тарқасты.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар