Шет ауданында білім қызметкерлерінің «Біртуар тұлға тағылымы» атты ғылыми тәжірибелік конференциясы болып өтті

17:22, 15 қазан 2015

Бұл шара техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Жамбыл Ақылбаевты еске түсіруге арналған. Сонымен қатар бұл күні ғалым атындағы мектеп-гимназияда мемориалдық тақта мен мұражай ашылды

Конференцияға ұстаздар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, Жамбыл Ақылбаевтың үзеңгілес достары, әріптестері, шәкірттері, туған-туыстары жиналды. Баяндамашылар академиктің балалық шағы, қоғамдық өмірде және ғылымда қалдырған ізгілікті ізі туралы шын жүректен әңгімеледі. Тарихи тұлға 70-тен астам ғылыми әдістемелік жұмыстар қалдырған. Карағанды педагогика институтын бітірісімен, сонда асиситенттік қызмет атқарады. Ал   ҚарМУ-дегі еңбек жолы аға оқытушылықтан бастап, ректорлыққа дейін көтеріледі.  Академик «10 жылдықтағы үздік ректор» атанған азамат. 90 жылдардағы қиын қыстау уақытта да Е.А. Бөкетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік университетін өрге сүйреді. Қаржы тапшылығына қарамастан бірнеше кафедралар ашып, студенттер жүрегінде білім шамшырағын жаққанын жарыса айтты жиналғандар. Жамбыл Ақылбаевтың кіндік қаны Шет ауданында тамған. Ақырғы демі де туған жеріндегі Ақсу Аюлы мінберінде сөйлеп тұрған сәтінде таусылған.  Қарағанды мемлекеттік университетіндегі инженерлік  жылу физика кафедрасына Жамбыл Ақылбаев есімі берілген.  Академик атына аудиториялар да ашылған. Ал конференция барысында зерттеушілер физика ғылымы саласына «Жамбылтану» курстарын енгізуді ұсынды. Шет ауданындағы эксперименталды мектеп-гимназияға Жамбыл Ақылбаев есімі берілген болатын. Сол білім ордасында ғалымға арналған мемориалдық тақта орнатылып, академик Ақылбаевтың мұражайы да ашылды. Мұнда ғалымның еңбектері, медаль, марапаттары, пайдаланған заттары қойылған. Айта кету керек, бұл мектеп жуырда күрделі жөндеуден өткен. Республикалық бюджеттен бөлінген 60 млн. теңгеге есік терезелер, жылу беру жүйелері жаңартылған.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды қаласындағы № 93 гимназияда жаңа пән оқу жүйесіне енгізілді
15:12, 22 қаңтар 2018
Қарағанды қаласындағы № 93 гимназияда жаңа пән оқу жүйесіне...
Толығырақ...
Гоголь атындағы облыстық кітапханада «Kazakhstan Spelling Bee» ұлттық байқауы өтті
15:07, 22 қаңтар 2018
Гоголь атындағы облыстық кітапханада «Kazakhstan Spelling Be...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...