Шет ауданында академик Жамбыл Ақылбаев атындағы физика пәнінен облыстық олимпиада өтті

18:38, 17 мамыр 2017

Білім додасына 80 оқушы бақ сынады. Үздік шыққандар облыстық құрамаға еніп, республикалық олимпада да аймағымыздың намысын қорғайтын болады

Бұл бір туар тұлға, академик Жамбыл Ақылбаев атындағы облыстық деңгейдегі бірінші олимпиада. Техника ғылымдарының докторы, ел ағасының туған жеріндегі ұландары қайраткер рухына тағзым етіп  осылайша құрмет көрсетуде. Шараға жиналған зияткерлерді ауданның  өнерпаздары ерекше  қарсы алды. Бұған дейін жыл сайын  академик атында аудандық олимпада өтіп келген. Биыл атаулы шараға облысқа қарасты қала аудандардың   оқушылары жиналды.  Білім додасының физика пәнінен өтіп отырғаны тегін емес. Себебі Жамбыл Ақылбаев математика бағытында  Қазақстандағы ең үздік техника ғылымдарының докторы болған.

Марат ЖАНДӘУЛЕТОВ Шет ауданының әкімі

70 тен астам ғылыми және ғылыми әдістемелік жинақ авторы. Осындай тұғыоы биік тұлға ғалым жерлесіміздің есімін ұлықтап бүгінгі облыстық шара ұйымдастырып отырған юілім саласының басшылығына өнегелі істері қолдауға ие алғысқа тұрарлық үлгілі іс.

Зияткерлік сайысқа қатысқан оқушылар өз қала аудандарында жүзден жүйрік шыққандар.  Алайда бұл жолғы аламанның жүгі ауыр. Себебі осы оқушылар республикалық олимпадаға іріктелетін болады. Олимпиада Жамыл Ақылбав атындағы мектеп гимназияның базасында өтті. Осыдан 2 жыл бұрын білім ошағына академик есімі берілген еді. Мұнда қазір 500-ден аса оқушы тәлім алады. Олар тарихи тұлғаның өмір жолымен ерен еңбегін біледі. Себебі осы оқу мекемесінде Жамбыл Ақылбаевтың мұражайы бар. Рухани орында ғалымның жинақтары мен кітаптары, медаль марапаттары, пайдаланған заттары қойылған.

Қайрат БИҒОЖИН Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның директоры

Олимпиада өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Қатысатын балаларға сәттілік тілейміз. Олимпиада 2 турдан тұрады. 8-9 сыныптар аралығындағы 82 бала қатысады.

Олимпиада -оқушылар үшін біліктілік алмасу көзі. Ал ұстаздар үшін дарынды балаларды анықтау үшін таптырмас мүмкіндік. Білім додасында бабы мен бағы келіскен олимпиададан облыстық құрамаға енетін болады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар