Республикалық тамыз кеңесі

17:29, 16 тамыз 2017

Қазақстанда 5 млн бала болса соның 144 мыңнан астамы денсаулығына байланысты ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Бұл Қарағанды қаласында «Инклюзивті және білім беруді дамытудың келешегі» тақырыбында өткен республикалық педагоктардың тамыз кеңесінде мәлім болды. Әр облыстан келген педагоктар тәжірибе алмасты

Ерекше көңіл бөлуді қажет ететін балаларды ортаға бейімдеу мақсатында еліміздің оқу орындарында  оңалту орталықтары жұмыс жасайды. Онда инклюзивті білім беру жүйесі енгізілген.  Алайда проблемалар да жоқ емес. Мәселен арнайы оқулықтар жоқтың қасы. Әсіресе  зағип жандарға арналған кітаптардың құны қымбат. Бастысы - кейбір аймақтардың мектептерінде түзету дәрісханалары әлі ашылмаған. Қарағанды облысында 8 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі бала бар. Соның 3 мыңы балабақшалар мен мектептердегі арнайы топтарда білім алады. Биыл көзі нашар көретін жандарға арналған жаңа мектеп ғимараты қолданысқа берілді. 2014 жылдан бастап аймағымызда  инклюзивті білім беру жүйесі енгізілген. Бүгінде  «инклюзивті балабақша», инклюзивті мектеп»,  «инклюзивті колледж» деп аталатын 3 жоба сәтті жүзеге асуда.  Алайда басқа өңірлерде сияқты біздің Қарағандыда да маман тапшылығы өткір тұр. Тамыз кеңесінің барысында әр облыстан келген мамандар өз тәжірбиелерімен бөлісті. Ұсыныс тілектерін де білдірді. Мәселен мамандар  тек түзету дәрісханаларымен ғана шектелмей,  әр аймақта логопед пунктары мен оңалту орталықтарының қатарын көбейту  керек деп есептейді. Кадрлар біліктілігін арттыру мақсатында жоғарғы оқу орындарындағы оқу жүйесін жаңарту  маңызды. Бұл ұсыныстар алдағы уақытта білім және ғылым минстрллігінде тағыда талқыланатын болады. 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар