Приозерскіде мемлекеттік тілді меңгеруге барлық жағдай жасалған

16:31, 6 маусым 2017

Тегін курстар ұйымдастырылып, кәсіпкерлерге мамандар кеңестер береді. Нәтиже көрсеткендей, қазір тұрғындардың 70 пайызы қазақ тілінде еркін сөйлейді

Аптасына 5 рет екі сағаттан қазақ тілінде арнайы курстар өтеді. Оған приозерскелік кез-келген тұрғын барып   қатыса алады. Бағдарлама жас шамасымен оны меңгеру деңгейіне де байланысты.Ұстаздардың айтуына қарағанда, жыл сайын тыңдаушылар саны арта түсуде. 2016 жылы оның саны 30 болса, қазір 40-қа жеткен.

Гүлжаһан ШАРБЕКОВА   ішкі саясат бөлімінің жетекшісі

Бүгінгі күнде біздің жергілікті бюджеттен қаржыландыру жылдан- жылға көбейіп отыр. 2016 жылы осы тілдерді дамыту бағдарламасына 1 млн.300 мың теңгедей қаражат қарастырылса, биылғы жылы 1 млн.800 мыңдай қарастырылды. Бөлінген қаражатқа былтырғы жылы 30 адамды оқытқан болсақ, биылғы жылы 40 адамды оқытып, курстан өткізіп жатырмыз.

Грамматика, оқу, еркін сөйлеу бойынша қатысушылар 3 айдан кейін Қазтестен сынақ тапсырады. Мемлекеттік қызметкерлердің көбісі қазақ тілін меңгеруге құлшыныс білдіріп отыр.

Фарида АМАНТАЕВА сабақ беруші мұғалім

Бізде курс аптасына 5 рет өтеді. Қазіргі болып жатқан курс, ол мемлекеттік қызметкерлерге арналған. Дүйсенбі мен жұманың аралығында өтеді. Бес күн қатарынан жұмыс соңында, сағат 6 дан 8ге дейін, 2 сағат курс жүргізіледі.

Приозерскіде сыртқы жарнамаға бақылау күшейтілген. Лингвистикаға байланысты рейдтер ұйымдастырылып, кәсіпкерлерге ұсыныстар жасалады. Одан басқа жыл аяғына дейін 14 көшенің атын өзгертіп, тарихи атауы берілмек.Өйткені,кеңестік дәуірден бергі сақталып келген ескі атаулар өз мән-мағынасын жоғалтқан. Қазір мамандар тұрғындардан ұсыныс-тілектер қабылдауда.

Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар