Оқушылардың олимпиадаға дұрыс дайындаудың тиімді жолдары мен негізгі бағыт-бағдары қандай болуы керек?

Осыған орай қаңтар айында Қарағандыда республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңі өткен болатын. Бүгін қазақ-түрік лицейінде ұйымдастырылған әдістемелік семинарда сол олимпиаданың қортындысы кеңінен талқыланды.Кеткен қателіктердің алдын алу жолдарына да ерекше назар аударылды. Шараға аудан мен қалалардың мектеп директорлары мен олимпиадаға жауапты әдіскерлер қатысты

18:56, 17 ақпан 2017   444

Өткен айда кеншілер қаласындареспубликалық олимпиаданың екінші кезеңі өтіп, оған 15 пән бойынша  564 оқушы қатысқан болатын. Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, биология, физика және математика пәндері бойынша жұмыстарды арнайы комиссия мүшелері қарады. Тексеріс қортындысына қарағанда аталған пәндерден 148 оқушының жұмысы келесі кезеңге өтпей қалған. Оған себеп: дайындық пен  мұғалім біліктілігінің төмендігі–дейд6  мамандар. Әсіресе ауданнан келген оқушылардың  көрсеткіші көңіл көншітпейді.

Мейіржан СЫЗДЫҚОВ «Сарыарқа дарыны» ғылыми-практикалықорталығының директоры

  • Іріктеу кезеңін жүргіземіз сол кезде 50 % жұмыс өтпей қалды.Себебі, аудандық деңгейдегі бағалаудың жұмысы дұрыс жолға қойылмаған. Аудандық деңгейдегі мұғалімдердің деңгейі төмен. Әрине қателік бар. Республикадан квота берілді. Осынша бала қатыссын деп. Мысалы, биыл Қазақстан тарихынан квотаға сәйкес алып шыға алмадық. Өйткені, баланың бұл пәннен деңгейі төмен болып отыр. Сондай-ақ, химия, информатика пәндерінен деңгей төмен боп тұр.

Олимпиаданың комиссия мүшесі, тілдер орталығының аға оқытушысы Жұпар Жақанова қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушылардың білім деңгейінсынға алды. Талапкерлер тіл тазалығын сақтамайды, шұрайлы тілімізді  шұбарлап жүр, -дейді.Бір ғана мысал, оқушылар шығарма жазғанда оның көп бөлігін  ғаламтордан көшіріп алады екен.Бұл педагогтардың шәкірттерді олимпиадаға дұрыс таңдамауының салдарынан деп пайымдайды.

Жұпар ЖАҚАНОВА облыстық тілдерді оқыту орталығының аға оқытушысы

  • Көшірілген екені айдан анық. 10-сынып оқушысының жұмысын қарап шықтым, күмән туды. Мен шығарма, кітп көп оқимын. Іле-шала 15 минуттан соң екінші оқушының шығармасы тура дәл солай. Екеуі үтір, нүктесіне дейін бірдей боп шықты. Ғаламтордан көшірілген. Доғару керек!

Семинар соңында барлық мектеп ұстаздарына үй тапсырмасы берілді. Яғни олар енді кемшіліктермен жұмыс жасаулары тиіс.  Кеңесте айтылған ұсыныс- тілектерге қатысты басшылар да хабардар болды. Алдағы уақытта осы сыннан нәтиже шығарамыз деп тарқасты. 

Райхан САЙРАНБЕК

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25