ОҚУЛЫҚТАР ТОЛЫҚ ТАРАТЫЛАДЫ МА?

17:19, 16 тамыз 2017

Мектеп оқушыларын тегін оқулықпен қамту қарағандылықтар үшін дауға ұласуы мүмкін. Білім бөлімінің мамандары барлық шәкірттерді қітаппен қамтуға қаржы жеткілікті болғанын алға тартуда. Өкінішке орай, ұстаздар қауымының басым бөлігі бұдан хабарсыз болып, оқушыларға өз кітаптарын өздері сатып алуға керекті тізімдерін таратып жатыр

№ 81 мектепте кітапханашы оқулықтар таратуды бастап кеткен. Жаңа баспадан  шыққан кітаптар  2, 5 және 7 сыныптарды қамтымақ. Сонымен қатар, бірінші сынып оқушыларына жұмыс дәптерлері беріледі. Қалалық білім бөлімі мамандары биыл оқулық жетіспеушілік орын алмайды деп сендіруде.

Элина РАМАНАУСКАЙТЕ Қарағанды қалалық білім бөлімінің кабинет меңгерушісі

Бүгінгі таңда 3,4,6,8,9,10,11 сыныптарғаоқулық алуға  мемлекет қаржы бөліп қойған.  Жақын күндерде тағы 4 тасымалды күтудеміз. Олар уақытылы келсе, барлығына жететін болады.

Кітап қоры қазіргі уақытта жаңа баспаларды іріктеп жатыр. Алайда,  қарағандылық шәкірттерге оқулық сатып алулары тиіс тізімдер тарату доғарылар емес,- дейді ата аналар тарапы.

Ольга, 9 сынып оқушысының анасы

Менің қызым кеше мектепке барды. Оған кітаптар беріпті. Соған қоса сатып алуға тиіс кітаптардың тізімінде беріп жіберіпті. Оның ішінде математика, биология және ағылшын оқулықтары бар.

Бір баланың оқулығын толықтай сатып алуға қанша қаражат жұмсалмақ? Рустемовтер жанұясы үшін оқу жылы жақындаған сайын бұл сұрақтың маңызы арта түсуде. Салтанат екі оқушы тәрбиелеп отыр. Былтырғы жылы отбасы үшін кітап алу біршама шығын әкелген еді. Ал, оқулықтардың тегін берілетінін Салтанат біздің түсірілім тобымыздан алғаш естіп отыр.

Салтанат РҮСТЕМОВА мектеп оқушысының анасы

Үлкен қызым былтыр 9 сыныпқа барды. Біз аздап кітаптар сатып ала бастадық. Осы демалыста кітап алуға дайындалып жүрген едім. Барлығы шамамен 16 мың теңге тек оқулыққа жұмсалды. Ал, төменгі сыныптарға былтырда, биыл да 100 пайыз тегін оқулык беріледі.

Біз бірнеше білім ошақтарына хабарласып, мән жайды сұрап көрдік. Барлығы да 100 пайыз оқулықпен қамтамасыз етілу жөнінде ақпараттан хабардар болмағандарын алға тартуда. Ал, Қарағанды қалалық білім бөлімі мамандары 79 мектептің 60-ы оқулықпен қамтамасыз етілді деп отыр.

Замзира НАКИПОВА кітапхана қоры бөлімінің әдіскері

Өткен жылы 7-ші сыныппен оқулық жетіспеу секілді біршама қиындықтар болды. Біз тек жеңілдік қарастырылғандарға ғана кітап бердік. Биыл барлығы толықтай тегін болмақ.  

Әзірге, ата-аналар кітап іздеп баспаларды аралауда. Ал, кітапхана қоры бөлімінің әдіскері Замзира Накипова оқулықтарды жеткізіп беру мен тарату секілді жұыстардың күнделікті жүріп жатқанын алға тартуда.  Кітаптардың біраз бөлігін оқушылар 6 тамызда алып үлгерген.Ал, мемлекет қаржы бөліп отырғанда шәкірттердің неліктен кітап сатып алып жатқандары кімді болмасын ойлантпай қоймасы анық.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар