Назарбаев зияткерлік мектебі өз тәжірбиесімен бөлісуде

18:08, 20 маусым 2017

Бұл аталған білім мекемемесі облыстық білім басқармасы және педагогикалық шеберлік арасындағы меморандумға қол қою арқасында мүмкін болып отыр. Келісімге сәйкес оқу орны бірегей оқу тәсілдерін басқа мектептерге де үйретулері керек. Бүгінде ерекше білім жүйесін 2 жыл аралығында облыстағы 50 мектеп меңгеріп үлгерген

Облыстағы көшбасшы мектепте  бүгін дербес білім беру ұйымының тәжірибесін транслациялау бойынша облыстық форум өтті.. Яғни 2 жыл бойы атқарылған жұмыс  қортындыланды.  Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы  облыстағы қала мен  аудандардан келген мұғалімдерді сан бағытта білім курсынан өткізуде. Мұнда химия , биология, физика, математика, тарих және өнер пәндері бойынша білім берудің бірегей тәсілдері оқытылады. Бастысы –үш тұғырлы тілді меңгеруге басымдылық беріледі.  Әлеуметтік, ғылыми  бағытта зерттеу жұмыстарын да жүргізеді.  Ал оқушының тәрбиесімен рухани  танымын дамытуда «Шаңырақ» , «Туған өлке» жобалары жүзеге асыралады. 

Бақытгүл ӘБДІКЕРОВА білім беруді дамыту  орталығы директорының орынбасары

Ата-ананың жұмыс орнындағы бір күні деген түрлі бағыттағы жобалар бар. Бізде бұл жобалардың бұл шаралардың барлығы атқарылып отыр. Соны одан әрі қалай тереңдетіп зерттеп зерделеу, жобалау жұмысын енгізу мақсатымыз болып табылады.

Қарағанды қаласындағы №93 гимназия осымен 5 жыл бойы Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірбиесін меңгеріп жүр. Сәйкесінше 47 пән мұғалімі 3 деңгейлік оқу курстарынан өткен. Ал мектеп директорымен ғылыми орталық жетекшісі Англияда біліктіліктерін арттырып келіпті. Қазір жаңа әдісті  білім мекемесі  біртіндеп қолданып жатқандарын айтады.

Лазат Темірханова №93 мектеп гимназияның директоры

Біздің ата-аналар жиналысы да басқаша өтеді. Екі жыл болды біз бұрыңғыдай ата-аналарды жинап алып, сіздің балаңыз мынандай, білім сапасы осындай деп айтпаймыз. Жиналысты ашық есік күні тәрізді өткіземіз. Яғни ата-ана өзі ұсыныс айтады. Мұғалім пікірін айтады. Осылайша ортақ жұмыс жасаймыз.

Назарбаев зияткерлік мектебі  тәжірибелерін облыс бойынша 50 мектеппен бөлісті. Арнайы дәріс алған 200 мұғалім енді өз мектептеріне білген түйгендерін жеткізулері тиіс. Себебі жыл бойы біліктіліктерін арттырған педагоктарға бүгінгі форумның соңында  арнайы сертификаттар табысалды.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар