Мыңжапырақ пен иірмен өсімдігінің био-майы өте тиімді

19:01, 28 ақпан 2017

Бұл иновациялық жобаны ҚарМУ-дың ғалымдары ойлап тапты. Бұл өнімнің қоршаған ортаға залалы жоқ, әрі қолданғанда үнемді

Бұл жаңа дәуірдің жаңалығы. Өз туындыларын ҚарМУ-дің ғалымдары осылай атапты. Басқаларға қарағанда ол құрамымен ерекшеленеді. Қазіргі қолданылып жүрген био-май, тағам шикізатынан әізірленсе,  жаңа жоба  шөптік өсімдіктермен алмастырылған. Ол мыңжапырақ пен жусан қоспаларынан жасалған. Бұл өнім қоршаған ортаға еш залалын тигізбейді және үнемділігімен ерекше.

Нұрлан Мерхатұлы   жоба авторы

Біздің технологиялық жобамыз бойынша, ерітілген шикізатты өндеу арқылы өнім алуға болады. Лабороториялық үлгімен негізгі өнім алуды физика-ттехникалық баламаға сәйкес жүргіздік.

100 килограмм био-май өнімін алу үшін-1 тоннаға жуық өсімдік қажет. Қазақстан өсімдіктерге бай мемлекет. Тіпті көптеген көпжылдық шөптер де жетерлік.

Био-май өнімін әзірлеу өте қарапайым. Өсімдік кептіріліп, ұнтақталады одан кейін термоқондырғыда өңделіп нәтижесінде био-май  алынады. Өнім қайнатылады және кептіріледі. Бұл жобаны әзірлеуге 3 жылдай уақыт кеткен. Материалдық-техникалық базаның жоқтығы үлкен қиындықтар тудырыпты. Қажетті әдебиеттерді оқу арқылы ғалымдар осындай өнім алған.

Бұл иновациялық жоба «ЭКСПО-2017» көрмесіне ұсынылмақ. ҚарМУ ғалымдары бұдан басқа да 8 жоба әзірлеп, өз жұмыстарын жібермекші.

Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Жезқазған қаласында биылғы оқу жылында 5 мектепте  робототехника сыныбы ашылды
17:45, 20 қыркүйек 2017
Жезқазған қаласында биылғы оқу жылында 5 мектепте робототех...
Толығырақ...