МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ

14:56, 17 қаңтар 2019

Енді мұғалімдерге тіл тигізіп, балағаттағандар айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл «Педагог мәртебесі туралы» заңда көрсетілген. Құжат отандық білім беруші қауымның жалақысын өсіріп, өмірлеріне айтарлықтай өзгеріс әкеледі. Бұл «Нұр Отан» партиясы өткізген «BILIMFEST» шарасында айтылды. Депутаттар мен ұстаздар болашақ мұғалімдерге дәріс оқып, тың бастамаға қатысты пікірлерін білді.

Мұғалім мәртебесі туралы жаңа заң жобасы  6 тарау мен 21 баптан тұрады.  Мұнда  педагогтарды қағазбастылықтан арылтып,  артық жұмыстан босату жағы да қамтылған. Бастысы ұстаздардың жалақысы өсіп, баспаналы болуға мүмкіндік туады. Зейнеткерлікке шыққанда да жұмыс өтілі назарға алынады. Әсіресе педагогтың намысына тигендердің жазаланатыны көпшілікті елең еткізді.  Әзірге айыппұл көлемі белгісіз.

Сәбит ҚОНТАЕВ,  профессор:

-Кейбір ата-аналар анасын айтып, мынасын айтып, мұғалімдерге әртүрлі тіл тигізуі мүмкін. Енді онымен не істейді, төбелеседі ма? Жоқ заңмен болса, ертең осы заңды тұрғыда жауапқа тарту керек болады. Ал қазір ол заң болмағандықтан әркім өзі басымдылық жасай береді. Қоғамда мұғалімдердің беделі түсіп кеткен сияқты. Сол беделін көтеру керек.

Мұғалімдер де өз кезегінде өз мәртебесіне лайық болу керек. Оқушыны жұдырық пен емес жылулықпен тәрбиелеу керек дейді депутаттар.

Қадиша ОСПАНОВА,  «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

-Депутат ретінде, қоғам қайраткері ретінде айтарым әр мұғалім мектептегі оқушылардың психологиялық моралдық жағдайына жауап беретінін сезіну керек. Себебі қазір бұқаралық ақпарат құралдарында ұстаздардың дөрекелігін, түрлі әрекеттерін көріп жатамыз. Сондықтан әр педагок балалармен дос болып, бойларына патриоттық  сезімді сіңіру керек. Осы принциптерде ескерілсе екен дейміз.

Бұл жаңа заң облыстың мұғалімдеріне тың серпіліс бергені анық. Дегенмен елімізде талқыланып жатқан жаңа құжатқа қарағандылық педагогтардың  да қосары бар. «BILIMFEST» шарасында әр ұстаз өз өтініш тілектерін білдірді.  Әсіресе ауылдағы мұғалімдерге  ерекше көңіл бөлінсе игі дейді. «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы аталған заңның әлеуетін түсіндіру үшін бүгінгі студент, ертеңгі педгогтарды арнайы шақыртқан.

Құралай ҚУАНЫШҚЫЗЫ, №76 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі:

-Маған ұнаған тұстары көп. Әсіресе мұғалімдергше әлеуметтік жағдайы көтерілетіндігі және мұғалімдердің өз құқықтарын қорғай алатындығы әр түрлі мадақтамалар алған кезде мадақталандығы. Оның бәрі заң жобасы аясында қарастырылған.

Заң жобасына әр мұғалім өз пікірін білдіре алады. Себебі жуырда жаңа құжатты  Үкімет  пен Парламент қарайды. Сондықтан «Нұр Отан» партиясы осындай шаралар өткізіп, ұстаздардың тілегін жіткізетін алтын көпірге айналуда. 
 Гүлбақша  АҚАЖАНОВА
Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар