Мәслихат депутаттары кезекті сессияда мектептерді қаржыландыру жүйесін өзгертуді ұсынды

13:47, 23 маусым 2017

Олар ақшаны әр білім мекемесіне жалпылай емес, оқушының санына қарай жеке-жеке бөлу керек деп есептейді. Бұл оқушы басқа мектепке ауысқан жағдайда бөлінген қаржыны өзімен әкету құқығына ие болады деген сөз

Білім саласын  қаржыландырудың жаңа  жүйесін енгізу туралы ұсынсқа бірнеше себеп барын айтады депутаттар.  Бүгінде мектептерге ақша бөлінгенде оқушы санына мән берілмейді. Бұл  бала  саны көп білім ошақтарына қиындық тудырады-, дейді халық қалаулылары.    

Бейбіт ДОСЖАНОВ Қарағанды қалалық мәслихатының  депутаты

Жыл сайын оқушы саны 500 ге көбейеді. Ауыл аймақтарға оқушылар үшін қаржы жергілікті әкімдікке бөлінеді. Балалар сапалы білім аул үшін қалаға ағылады. Бұл әрине жақсы. Алайда  бұдан қаланың мектептері тығырыққа тіреледі. Яғни оларды қаржыланжыру, оқулықпен қамтамасыз ету мәселелерінде проблемалар туындайды.

Бұл мәселені шешудің бір жолы қаржыландыру жүйесін ауыстыру. Яғни бөлінетін қаржы көзі мектепке емес, оқушы санына қарайластырылуы керек. Аталған бастама  білім саласын дамытып, оңтайландыруға мүмкіндік береді.  Сәйкесінше мемлекеттен бақылау да күшейтілуі тиіс. Қалалық әкімдік өкілдері аталған мәселе ҚР Білім және ғылым министрілігі деңгейінде де көтерілгенін айтып өтті.  

Ирина ЛЮБАРСКАЯ Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары

Әр оқушыға ақша қарастырылады. Сонымен қатар әр мектепке тиісті қаржы бөлінеді. Әрине қазір бірқатар мәселелер бар. Алайда бұл жуырда шешіледі деген ойдамыз. 

Қазір  жаңа оқу жылына жаппай дайындық басталған. 26 оқу орнын қайта қалпына келтіріп жөндеу үшін бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Ал дәрісханаларды  компьютер тәрізді қажетті техникамен жабдықтау үшін бөлінген қаржы көзі 540 млн-нан асып жығылады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар