МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР

19:06, 25 тамыз 2017

Биыл аймағымыздағы іргелі оқу орындарының ішінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне ең көп грант бөлінген. 1-ші тамыздан жұмысын бастаған мемлекеттік комисия талапкерлерге тегін оқу грантын кешенді, ұлттық біріңғай тестілеу қорытындысы бойынша және халықаралық олимпида жеңімпаздарына тағайындады

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті грант саны бойынша 135 үздік оқу орындарының ішінде 7-ші орынға тұрақтады. Ал, облыс бойынша аталған оқу орны ең көп мемлекеттік грант иеленген. Мәселен, биыл мұнда бакалавр дәрежесіндегі гранттарды 1027 талапкер жеңіп алған.  Бұл 2016 жылғы көрсеткішке қарағанда 25 пайызға көбейді дейді мамандар.

Аристотель ИСАҒҰЛОВ Қарағанды мемелекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры

Біздің университетке қазіргі таңда жоғары сұранысқа ие мамандықтарға көп гранттар бөлінді. Мәселен, кең-тау өндіріс мамандығына 135 грант, ал металлургияға 71, радиотехника және технологияға 43 грант бөлінсе, электронэнергетика және нефтегаз мамандығынның түлектеріне 52 тегін оқу гранты бұйырды.

Ал, Қарағанды мемлекеттік университеті әзірге 769 грант жеңіп алған. Алайда бұл нақты мәлімет емес. Себебі талапкерлер әзірге толық құжаттарын тапсырып үлгермеген. Сондай-ақ білім ордасы биыл 2 жаңа мамандық ашқан. Биология-химия және тарих-география пәндерін біріктірген. Енді студент университеттің екі бірдей мамандығын меңгеріп, болашақта 2 пәннен беретін мұғалім бола алады. Ал, жыл сайын білім гранты көп бөлініп басқа жоғары оқу орындарын алдын орап кететін Қарағанды мемлекеттік медециналық университетінің  гранттар тізімі 28-ші тамызда белгілі болады.

Айдана ДАСТАН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар