ЛАТЫН ТІЛІ-ҒЫЛЫМ ТІЛІ

16:34, 15 қыркүйек 2017

Облыстық Ж. Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасында «Латын әліпбиіне көшу –рухани жаңғыру негізі» деген атаумен талқылау шарасы өтті.Аталмыш шараны тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамы ұйымдастырды.Басқосуда білікті ғалымдар менлингивистер қаріпке ауысудың тиімді тұстарын жастарға жетелеп жеткізді

Латын әліпбиіне көшу уақыт талабынан туындап отырған қажеттілік екенін бірауыздан алға тартты тіл жанашырлары.Біле білсекжиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары әдебиетіміздің басым көпшілігі латын тілінде шығарылған көрінеді.Ал әліпбиіміз жаңару арқылы шетелдердің мәдениетін кеңінен тануға, жас буындар білімін шыңдауға жол ашылады. Қоғамдық талқылау шарасында ғалымдар латын тілінің теңдессіз мүмкіндіктерін мүлт жібермеу керектігін де егжей-тегжейлі екшеледі.Демек жаңа әліпбидің арқасында  тари­хымызды тереңнен тамыр тартқызып, ақпараттық кеңісті­гімізді сүзгіден өткізетін күн жақын. Әліпбидің нәтижесінде тіліміздің дыбысталуы мен әуезділігі ашыла түседі -дейді белгілі лингивистер.Жағымды жаңалық.  Жаңа оқу жылынан бастап Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік универсиететінің 4 факультетінде латын тілін үйрететін арнайы курстар ашылыпты. Өшкенімізді жаңғыртып,өркениетімізді өрістетін алфавитте барлығы25 таңба мен қосымша 8 диаграф қолданысқа енгізіледі.Бұл жаңашылдық  бір жағынан елімізде  ғылымның  құлаштап қанат қағуынасерпін береді.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар