Күні-кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялады

21:01, 11 қаңтар 2018

Ол – Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамытудың жаңа мүмкіндіктері арналған. Елбасы - Қазақстан әлімдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алуы тиіс,- деп атап өтті

Бұл жолы мемлекет басшысы Үкіметке басты 10 міндет бойынша жұмыс істеуді тапсырды. Соның бірі  - құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу. Осы жүргізіліп жатқан бағдарламалардың арқасында Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асты. Бұл үй –небәрі 4 айда бой көтерген. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатқан көрінеді. Мердігерлер, баспананы наурыз айының басында қолданысқа беретінін айтты. Ал, бұл бес қабатты ғимарат «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынуда.

Төлеген   ӘШІМОВ     «Аспап» ЖШС – ның басшысы  

Кластерлік тәсіл құрылыс барысында үлкен ұйымдастырушылықты талап етеді. Тиімді, бірлесе жұмыс істегеннің арқасында біз құрылыс процесін кейде жеделдете аламыз. Егер кәсіпкерлер қалыпты кластерлік құрылымда жұмыс істейтін болса, , онда біз құрылысты жылдам бітіретін боламыз.

Асқар Әукешов құрылыс саласында 30 жылдан астам жұмыс істейді. Оның айтуынша, осы уақыт аралығында құрылыс материалдарының сапасы айтарлықтай жақсарған. Сәйкесінше, бұл мердігерлерге қарқынды жұмыс атқаруға мол мүмкіндік береді.

Асқар   ӘУКЕШОВ       құрылысшы

Қазір жұмыс айтарлықтай жеңілдетілді. Жаңа материалдар, жаңа технологиялар пайда болып, сапалы әрі тез жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болдық. Елбасының бағыт бағдарын толығымен қолдаймыз.

Сонымен қатар, Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев өз Жолдауында ғимараттардың сапасына, экологиялық қауіпсіздігіне және энергия тиімділігіне қойылатын талаптарды күшейту қажеттілігін атап өтті.

Айдана  ДАСТАН

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды қаласындағы № 93 гимназияда жаңа пән оқу жүйесіне енгізілді
15:12, 22 қаңтар 2018
Қарағанды қаласындағы № 93 гимназияда жаңа пән оқу жүйесіне...
Толығырақ...
Гоголь атындағы облыстық кітапханада «Kazakhstan Spelling Bee» ұлттық байқауы өтті
15:07, 22 қаңтар 2018
Гоголь атындағы облыстық кітапханада «Kazakhstan Spelling Be...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар