Кітапхана-білім кені

15:39, 19 сәуір 2017

Жайық Бектұров атындағы кітапханада «Білім көкжиегі» деген тақырыппен «жасөспірімдер кітабының» апталығы өтті. Шара аясында дөңгелек үстелдер, мұражайларға саяхат, интеллектуалдық-танымдық ойындар, шығармашылық кештер ұйымдастырылуда

Жасөспірімдер кітабы апталығына арналып ұйымдастырылған дөңгелек үстелге филологтар мен жазушылар және студенттер қатысты. Рухани тәлімі мол кездесуде Шерхан Мұртазаның, Зеин Шашкиннің, Ғабит Мүсіреповтің өмір жолы, шығармашылығы туралы ой бөлісті. Әдебиетте есімдері ерек тұлғалардың қалдырған мұралары мәңгілік жасайтынына басқосуда тағы бір көз жетті.  Жасөспірімдер кітабының апталығы сәуірдің18-нен 25-не дейін жалғасады. Айтулы күн аясында Жайық Бектұров атындағы кітапхана әртүрлі шаралар ұйымдастырмақшы. Оған оқушылар, студенттер қатысады.   Бұл кітапханада әртүрлі жанрдағы және жастарға арналған 154 мың кітап қоры бар. «Бота», «Фэмэйс бук», «Жайық» деп аталатын оқырмандар клубы жұмыс істейді. Ал жазда ашық аспан астында кітап оқу акциясы ұйымдастырылады.

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жүрекке  шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы көмек көрсету тәсілдерімен  студенттер жақынырақ танысты
16:43, 12 желтоқсан 2017
Жүрекке шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы...
Толығырақ...
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтантымен тойланды
16:42, 13 желтоқсан 2017
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтант...
Толығырақ...
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай Қарағандыда жастар форумы өтті
15:10, 11 желтоқсан 2017
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай...
Толығырақ...