КІТАП ОҚУДЫҢ ЖАНА ТӘСІЛІ

Облыстық Жайық Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасы ашық аспан астындағы кітап оқу акциясын жалғастыруда. Осы жолы шара облыстағы екі мерейтойға орайластырып отыр

17:00, 13 шілде 2017   47

Аталмыш  кітапхана  ұйымдастырған ашық аспан астындағы  кітап оқу шарасы танымал акциялардың біріне айналды. Қаланың әр бөлігінде кітап сүйер қауым жаз бойы классикалық туындылар мен жаңа кітаптармен таныса алады.

Гүлнәр АЛДОНҒАРОВА Ж.Бектұров атындағы кітапхананың меңгерушісі

- Акциямыз тек саябақта ғана емес Ерубаев 8А мекен жайындағы облыстық балалар ауруханасында да өткізіледі.  Біз тағы басқа жерлерге де баруды көздеп отырмыз.

Акция орталық саябақта өтті. Шара «Алаш»   партиясының 100 жылдығы мен Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына арналған. Сондай ақ, сахнада театрландырылған көрініс қойылды.

Руслан Нұрбай Ж.Бектұров атындағы кітапхананың қызметкері

- Мен ұшақтар жайлы оқыжым. Олардың құрылысы, тарихы жайлы маған өте қызық. Кітапсыз  өмір сүру мүмкін емес.

Ашық аспан аясындағы кітапхана залында оқу пайдалы, қызықты және ыңғайлы. Әрбір бала ата-анасыменжасөспірімдер кітапханасыныңжазғыоқузалыныңоқырманы бола алады. Жылжымалы оқу залы жаз бойы жұмыс істейді. Кітапханашылардың пайымдауынша нәтижесі де жаман емес. Әрбір шарадан соң оқырмандар саны 40-50 адамға дейін артады екен.

Райхан САЙРАНБЕК 

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25