Қарағандыдағы мектептер білім берудің жаңа жүйесіне көше бастады

15:36, 19 сәуір 2017

2019 жылдан бастап үш тілде оқыту толық енгізілмек. Осы уақыт аралығында мұғалімдер тіл курстарынан өтеді. Облыстық семинарда педагогтар тіл үйрету бағытында тәжірибесімен бөлісті

Қарағандыда үш тұғырлы тіл саясаты жан-жақты жүзеге асырылуда. Қазақ, орыс, ағылшын тілдері балабақшалар мен мектептерде, барлық білім беру орындарында үйретілуде. Қазір ағылшын тілі мұғалімдеріне сұраныс жоғары. Тіпті шет тілін оқытушылар физика, биология, химия, информатика пәндерін екінші мамандық ретінде меңгеріп алуды ойластырып қойған. Өйткені, жаратылыстану-математика ғылымдары 2019 жылдан бастап үш тілде оқытылады. Облысымызда 18 балабақша, 50 мектеп, 5 колледж және бірнеше жоғары оқу орындары білім берудің жаңа жүйесіне көше бастады. «Мұрагер»  және Нұрмақов атындағы  мектеп-интернаттары мен қазақ-түрік лицейінің ұстаздары өз тәжірибелерімен бөлісуде. Себебі бұл білім ордаларында шет тілдері тереңдетіп оқытылады. Ал қазақ-түрік лицейінде 1993 жылдан бастап қолға алынған. Облыстық семинарды ұйымдастырған Саттаров атындағы мектеп-лицейдің оқушылары мен ұстаздары үш тілді оқытуға дайын екендіктерін айтады. Білім ошағының базасы да талапқа сай. Ал кадрларды дайындау туралы айтар болсақ, 110 педагог арнайы курстан өтуде. Оқу тегін және 8 айға жалғасады.

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жүрекке  шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы көмек көрсету тәсілдерімен  студенттер жақынырақ танысты
16:43, 12 желтоқсан 2017
Жүрекке шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы...
Толығырақ...
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтантымен тойланды
16:42, 13 желтоқсан 2017
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтант...
Толығырақ...
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай Қарағандыда жастар форумы өтті
15:10, 11 желтоқсан 2017
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай...
Толығырақ...