Қарағандыда дәстүрлі тамыз кеңесі өтті

20:24, 23 тамыз 2017

Онда жаңа оқу жылында білім саласындағы өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы айтылды. Яғни, ауыл мектептерін автобустармен қамтамассыз ету, үздік ұстаздарға сыйақы беру, директорларды тәжірибе алмасу үшін шетелге жіберу, мектеп бағдарламасына футбол сабағын қосу сияқты мәселелер талқыланды

1 қыркүйекке дейін аз ғана уақыт қалды. Ал мұғалімдерге бірқатар тапсырмалар жүктелді. Жыл сайын тамыз кеңесінен кейін ұстаздар қауымының жүгі ауырлайды. Биылғы жылы  да  өзгеріс көп.  Әсіресе, көптілділікке үлкен мән беріледі.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ білім басқармасынының жетекшісі

- Облыстағы 50 мектеп көптілділікті енгізу республикалық жобасына қосылады.  Сол мектептерде 1 қыркүйектен бастап ағылшын тілінде  қолданбалы-математика бағытындағы пәндер оқытыла бастайды.

Осы жылдан бастап үздік мұғалімдерге  ақшалай  сыйлықтар беріліп отырады.  Ал олимпиада жеңімпаздарын дайындаған оқытушыларға гранттар бөлінеді. 

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ білім басқармасынының жетекшісі

- Бүгінгі күні оқушыларды олимпиадаға дайындайтын мұғалімдерге ешқандай көмек көрсетілмейді. Тек моральдық тұрғыда алғыс хаттар беріледі. Егер арнайы гранттар бөлініп,  оларға  материалдық  қолдау көрсетсек.

Ерлан ҚОШАНОВ Қарағанды облысының әкімі

-  Олимпиада жеңімпаздарын дайындаған педагоктарға грант бөлу, үздік мұғалімдерге сыйақы беру туралы ұсынысты мен қолдаймын.

Әзірге материалдық сыйақы сомасы  белгіленген жоқ. Алайда педагогтар үшін бұл күтпеген сый болары анық. Сонымен қатар мұғалімдердің де білім тексеріледі. Олардың арасында  пәндік олимпиада ұйымдастырылады. Жеңімпаздар  білімдерін шетелде жетілдіреді. Білім мекемелерінің директорларына да халықаралық тәжірибеден өту мүмкіндігі  беріледі.  Айта кету керек, биыл  облыстың  кейбір мектептеріне жаңа пән қосылады. Испан елінің тәжірибесіне сәйкес -  футбол сабағы  енгізілмек. Ауылдық жерлердегі мектептерге арнайы  автобустар алынады. Жаңа оқу жылынан бастап Долинка кентінің оқушылары  үйлерінен мектепке дейін жеткізіліп отырады.  Ерлан Қошанов қала, аудандардың әкімдеріне аталған жобаны жүзеге асыру туралы тапсырма берді. Аймақ басшысы инклюзивті білім беру мәселесіне ерекше ден қойды.  

Ерлан ҚОШАНОВ Қарағанды облысның әкімі

- Тек қана пандустарды орнатып қана қоюға болмайды. Арнайы  төсемелерді орнатып, функционалды парталарды алу мәселесін қарастыру керекпіз. Дефектолог, логопед мамандарын  жұмысқа алуға ерекше көңіл бөлу қажет.

Білім басқармасы облысымызда  педагогтардың электрондық биржасын құруды жоспарлап отыр. Онда жұмыс іздеушілер түйіндемелерін қалдырып, жұмыс берушілер жұмысшыға өз талаптарын қоя алады. Осылайша мектеп директорлары  білікті мамандарға қол жеткізеді. Ең бастысы электрондық база  жұмысқа  тұру ашықтығын қамтамассыз етеді. 

Райхан САЙРАНБЕК 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар