Қарағандыда алғаш рет «Табысқа жету» деп аталатын бенефис –шоуы өтті

17:57, 17 мамыр 2017

Жоба негізінде мектеп оқушылары - Қарағанды облысының танымал адамдарымен кездесесіп, табысқа жету жолдарымен танысады. Ашық пікір алаңының қонағы - облыстық мәслихаттың депутаты Лилия Мухутдинова болды

Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының ұжымы жасөспірімдердің таным қабілетін арттыру мақсатында жаңа жобаны жүзеге асыруда.  Яғни, мектеп оқушылары облысымыздың Құрметті азаматтарымен бетпе-бет  кездесіп, өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алады.   Бүгінгі шоудың қонағы облыстық мәслихаттың депутаты Лилия Мухутдинова. Ол оқушылардың сұрақтарына  белсенді  жауап беріп, тіпті өлең жолдарын да оқып берді. Ең бастысы – оқушы, облысымыздың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтардың бүгінгі жетістіктерге жету жолдары түсінуі қажет.  Шараның қонағы бүгінгі жетістіктер сапалы білім, жан-жақты ізденіс, тынымсыз   еңбектің арқасында келгенін айтып берді.   Әр оқушы осы қарапайым  қағидаларды түсінуі маңызды. Ұйымдастырушылардың көздегені де осы.

Владимир КИМ оқушы

-Бүгінгі депутатпен кездесу маған өте ұнады. Еркін түрде сұрақ қойып, қызықтырған сауалдарға жауап алдық. Енді болашақта әлем чемпиоаны Генадий Головкинмен кездескім келеді.

Кристина ДЕХАТ оқушы

- Меніңше мұндай шараларды өткізу өте дұрыс. Біз қаламыздың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды білуіміз керек. Мен ел президенті Нұрсұлтан Нзарбаевпен кездесуді армандаймын.

Осынау танымы мол тың жоба қыркүйек айында жалғасын таппақ. Оған  қала әкімі, спорт майталмандары, кәсіпкерлер мен  өнер адамдары шақырылады деп жоспарланған.

Райхан САЙРАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар