Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде жаңа оқу орталығы ашылды

17:32, 14 маусым 2017

Енді студенттер автоматтандырудың қыр-сырына оқу ордасының қабырғасында жүріп-ақ қанығады.Орталықтың тұсаукесер рәсіміне еліміздегі белді компанияның өкілдері мен Жапония автоматизация кәсіпорындарының көшбасшылары қатысты

Жаңа оқу орталығы Қазақстан мен  Жапония компанияларының бірлескен жұмысы. Зертханалардың техникалық базасыда жоғары деңгейде екендігі көрініп-ақ тұр.Автоматизация саласын жетік меңгергісі келетін жастарға мүмкіндік мол мұнда.

Марат ИБАТОВ      ҚарМТУ-дың ректоры

Талапты студенттер тың технолгияның тәсілдерін үйренеді. Құрал-жабдықтардың арқасында білім-білігін шыңдап, биігіне шығады.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті «Мицубиси электрик» компаниясының құрылғыларын әу баста қолданысқа енгізген.Жапонияда жасалған жабдықтарды еліміздегі көптеген кәсіпорындар кәдесіне жаратуда.

Дмитрий ЛЕПЕХОВ «Казпромавтоматика» компаниясының  директоры

Мына жерде жасөспірімдер автоматизацияның әлеуетін зерттеп,зерделейді.Тақырыптарға сәйкес теориялық тұрғыда тәлім теріп, практикада жүзеге асырады.Көресіздер әлі түлеп ұшқан тастүлектеріміз экономикамызға қомақты үлесін қосады.

Автоматизация саласының кадрлары қайнаған өндіріс орындарына ауадай қажет.Біртіндеп  кен байыту фабрикаларыда автоматты жүйеге қосылып келеді.

Хироши ФУРУТА «Мицубиси электрик»  компаниясының бас директоры

Әзірге Қазақстанмен ғұмырлы жобаларды қолға алған жоқпыз. Бірақ барыс келіс тәуір. Мамандардың кәсіби шеберлігіне шүбә келтірмеймін.  Зертхана талай өреннің қызығушылығын тудырып, құлшыныс сыйлайтынына нық сенімдімін.

Оқу орталығында білім алатын студенттерге тәжірбиесі ұшан –теңіз оқытушылар шеберлік сыныбын өткізеді. Университет қазірдің өзінде аймақтың алпауыт кәсіпорындарымен келісім орнатып үлгерген.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар