Қарағанды қаласындағы № 93 гимназияда жаңа пән оқу жүйесіне енгізілді

15:12, 22 қаңтар 2018

Енді мұндағы оқушылар «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты жаңа сабақты меңгеретін болады. Талапкерлер танымал бизнес өкілдерінен дәріс алып, кәсіпкерлік ережелерімен таныса алады

Қазір Қарағанды қаласындағы №93 гимназияда жаңа пән оқытыла бастады.  Мұнда білікті ұстаздар 10-сыныптың оқушыларына бизнес жоспар жасаудың және кәсіп жүргізудің қыр-сырын үйретуде.Оқулықтар арнайы ҚР білім және Ғылым министрлігінде әзірленген.Негізгі  мақсат - талапкерлерді  қор биржасындағы сауда мен құнды қағаздармен табыс табу, бизнес жүргізудің тетіктерін терең меңгеру.
Күләш МҰСАБЕКОВА кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінің мұғалімі

Сабақтың үстінде балаларға сіздердің келешекте бизнеске деген құштарлықтарыңыз бар ма дегенде, қазір біздің балаларымыз біреуі ресторан ашамын, біреуі шаштараз ашамын деп, өздерінің шағын ғана бизнес жоспарларын жасап, дайындалып жатыр. Олардың құлшынысы шынымен де артып отыр.
Бұл жоба «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік  палатасының басқарма төрағасы  Тимур Құлыбаевтің бастамасымен 2014 жылы қолға алынған болатын. Жаңа пәнді дайындау барысында кәсіпкерлікті оқытатын халықаралық бағдарламаның тәжірибесі зерттелген. Оқу бағдарламасытеория және ойын түрінде өтеді.

Мұратбек МҰХАТАЕВ «Атамекен»  кәсіпкерлік палатасының бизнес-жаттықтырушысы 

Кәсіпкерлер палатасы оқу әдістемелік құралын шығардық.Қазір балалар осы оқулықпен оқып жатыр. Келешекте осы  балалардан білікті кәсіпкер шығады деп ойлаймыз.

Арайлым Темірханболашақта беделді кәсіпкер атанғысы келеді. 10 сынып оқушысы үшін  бұл саланың бұған дейін сыры көп болып келген. Енді жаңа пәннің оқытылуы арқасында бизнестің құпиясын ашамын деп отыр. Кәсіпкерлік сабағы –басқа пәндерден өзгерек. Яғни,тек теория тұрғысынан ғана емес, тәжірибе арқылы да меңгеруге мүмкіндік бар. Бұған қоса, ай сайын табанды еңбегімен танылған бизнесмен жастар дәріс оқиды. Тіпті балалар өндіріс орындарына барып, олардың жұмысымен танысады.Қанатқақты жоба әзірге әр облыстан тек бір мектепте ғана жүзеге асуда. Келешекте барлық білім ошағының бағдарламасына енгізу жоспарланып отыр.

Әбілқасым ӘНЕТОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар