Қаламызда «Жазғы оқу қаласы» жобасы басталды

17:42, 9 маусым 2017

Бұл шахар тұрғындары үшін кітап оқуға қолайлы мүмкіндік. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ұжымы ұйымдастырған шара шымылдығы Әлиханов көшесі бойындағы саяжолда ашылды

Он жасар Арсен Изатулла үшін бүгін ерекше күн. Жазғы маусымның алғашқы мезгілін қызықты да тарихи деректерге толы оның шытырман оқиғасы мол кітаптар оқумен өткізу арманы орындалып отыр. Балақай «Жазғы оқу қаласы» жобасынан өзі іздеген кітабын тауып алды. Енді, уақытым еш кетпейтін болды, -дейді Арсен.

Арсен ИЗАТУЛЛА  мектеп оқушысы

Кітап оқу ол адамдардың кілімін арттырады. Өзіме соғыс туралы кітаптар оқыған ұнайды.

Қарағандылық  кез-келген тұрғын жазғы оқу қаласының оқырманы бола алады. Кітапхана мамандары жас жеткіншектерге  белгілі қаламгерлер мен  әлем әдебиетін қамтыған 500-ге жуық туындыларды ұсынды.  Тамыры терең тарихты қамтитын түрлі тақырыптағы басылымдардың тегін берілетініндігі-шараның басты ерекшелігі.

Мақпал ТҮСІПБАЕВА кітапхана қызметкері

«Жазғы Оқу қаласы» жобасының мақсаты қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, жастар мен ересектер қауымын кітап оқуға тарту және балалардың жазғы бос уақытын ұйымдастыру.

Ашық аспан астында әр аптаның бейсенбі мен сейсенбі күндері өтетін жоба қорынан жаныңызға жақын кітаптарды таба аласыз. Топтамаларда әртүрлі классикалық әдебиеттер, махаббат туралы романдар, балаларға арналған әдебиет журналдар да бар. Ал ұжым қызметкерлері оқырмандар үшін байқаулар, викториналар мен оқуды қолдауға арналған әртүрлі акциялар өткізілді. Тіпті, көңіл көтеру мақсатында жас балғындарға әннен шашу шашылды. Кітапхана ұжымы  табиғат аясында әлемдік көркем әдебиеттердің үздік үлгілерімен сусындауға мүмкіндік беретін «Жазғы оқу қаласына» барлық тұрғындарды шақырады.  Тағлымды шара қыркүйек айының біріне дейін ғана жалғаспақ.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар