Инклюзивті білім

17:15, 26 мамыр 2017

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқықтары тең болуы қажет. Бұл әдіс Приозерскідегі №2 мектепте міне, 3 жыл бойы сәтті жүзеге асуда

Мүмкіндігі шектеулі балалардың дені сау құрбы-құрдастарынан еш айырмашылықтары жоқ.  Ерекше жан иелері қарапайым мектепте  білім алуда. Тек бос уақыттарында ғана олармен психолог-педагоктар жұмыс жасайды. Инклюзивті білім берудің тиімді тұстарын айта беруге болады. Яғни, оқушы қоғамда өзін еркін ұстауға үйреніп,  мейіріміділік пен төзімділікке шыңдалады. Приозерск қаласындағы №2 мектеп бұл игі істі үш жыл бұрын қолға алыпты.

Лилия ХАНИНА педагог-психолог

-Бұрын бұл балалар мамандандырылған мектеп-интернаттарында білім алды. Әрине, толыққанды білім қажеттіліктерін, ең бастысы, әлеуметік теңсіздікті ала алған жоқ. Егер балалар тең дәрежеде бірге білім алса, олар көпшілікпен етене жақын араласа алады.

Мектепте көмекке мұқтаж 60 бала білім алуда. Мұнда оларға барлық жағдай жасалған. Олар құрдастарымен тіл табысуға үйреніп, мектепшілік өмірге белсене араласа алады. Сондай - ақ, спорттық, шығармашылық үйірмелерден де қалыс қалмайды.

Валерий ШАЙБЕР   оқушы

-Мен көз алдыма елестеткен гүлдің суретін салып отырмын. Маған бұл үйірме өте қатты ұнайды және мен бұл жерде  көп достар кездестірдім.

Лилия Ханина  биылғы жылы облыстық үздік психолог-педагогы атанды. -Ерекше балалармен жұмыс жасау маманға қиын емес –дейді ұстаз..  Бірақ мектепте мұндай мамандар онша жетіспейді.Сондықтан тек он маман ғана арнайы курстан өткен. Болашақта мектеп әкімшілігі бұл көрсеткішті ұлғайтуды көздеп  отыр.

Райхан САЙРАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар