Гоголь атындағы облыстық кітапханада «Kazakhstan Spelling Bee» ұлттық байқауы өтті

15:07, 22 қаңтар 2018

Білім додасына қаламыздағы колледж бен жоғары оқу орнының 40-тан аса студенті қатысты

«Kazakhstan Spelling Bee» ұлттық байқауы – елімізде осымен 2-ші рет ұйымдастырылып отыр. Жарыстың мақсаты: жастардың ағылшын тілін жетік үйреніп, үштілділікті дамыту болып табылады. Байқаудың ережесі бойынша жүргізуші, ағылшын тілінде сөз айтады. Ал, қатысушы 2 мин ішінде сол сөздің әріптеп оқылымын еш қатесіз қайталауы тиіс. Иә, былай қарағанда оңай болып көрінгенмен, алайда қателікке жол беруге болмайды. Себебі, жаңылысқан үміткер ойынан шығады. Бұл жолғы білім сайысына ағылшын тілін жетік білетін 18-25 аралығындағы 40 аса студент қатысты.

Айнұр  СЕМБАЕВА    облыстағы Американдық клубтың     координаторы

Ағылшын тілін білгісі келетін, үйренгісі келетін кез-келген ерікті студент қатыса алады. Бізде бәрі тегін. Тек, онлайн түрде тіркелу керек. Сосын осында байқауға келіп қатысады.

Қарағанды Мемлекеттік Университетінің студенті - Анар Бабағұлова  бұл байқауға өткен жылы да қатысқан еді. Математика мамандығы бойынша білім алып жатқан жеткіншек ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Тіпті, ол – болашақта  жоғары оқу орнында өз саласы бойынша ағылшынша сабақ бергісі келетінін айтты.

Анар  БАБАҒҰЛОВА   байқауға қатысушы

Ағылшын тілін жақсарту мақсатында және әрине ұту үшін қатысып отырмын. Бұл байқау маған қатты ұнайды. Өзім осы орталықта үйреніп, сабақтарға қатысқанмын. Ағылшын деңгейін Intermediate деігейінде білемін.

Байқаудың қорытындысы бойынша 3 жеңімпаз республикалық кезеңге жолдама алды. Атап, айтқанда Меруерт Совет, Александр Горбунов және Татьяна Виниченко. Олар енді 17 ақпан күні Астана қаласында облысымыздың намысын қорғайтын болады. Жарысқа қатысқан барлық қатысушыларға арнайы сертификат, ал жүлделі орынға ие болғандарға ақшалай сыйақы табысталды.

Айдана ДАСТАН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар