Елімізде жаппай ұлттық біріңғай тестілеу алғаш рет жаңа форматта басталды

17:59, 21 маусым 2017

Түлектер міндетті емтиханды мектепте тапсырса, жоғары оқу орнына түскісі келгендер ғана сынақтан өтуге келді. Ал, барлық әрекет онлайн режимде бақылауда болды

Таңғы сағат сегіздер шамасы. Евней Бөкетов атындағы ҚарМУ-і. Ұлттық біріңғай тестілеуге Қарағанды, Шахтинскі қалаларының 400-ден астам түлектері келді. Барлығының жүзінен қобалжу байқалады. Мамандық таңдауда қателеспеуді жөн санайтын талапкерлер тестілеуде де тапқырлық пен табандылық танытуға тырысты. Биылғы жылы облыс мектептерін 7000-нан астам түлек тәмамдады. Олардың шамамен бес мыңы ҰБТ-да бақтарын сынауды жөн деп білді. Небәрі 3 сағат елу минутта 11 жылдық білімдерін көрсету   оңайға түспесі анық. Әрбір жас бес пәннен 120 сұраққа жауап беруі тиіс. Оның үшеуі негізгі саналса, екеуі өз таңдауларына бұйырған. Осындай өңірде 15 пункті құрылған. Барлығы да талапқа сай жабдықталып, аудиторияға кірген түлектер қатаң тексерістен өтеді.   

Гүлнара СҮЙІНОВА ҚР білім және ғылым министрлігі өкілдері тобының жетекшісі

Аудитория бақылауға қолайлы. Барлық талапкер бақылаушы тарапқа анық көрініп отырады. Арнайы түлектердің отырысын қалт жібермейтін орындарда анықталған.

Тестілеу басталмастан бұрын барлық емтихандық тапырмалардың арнайы мөрмен басылғаны, ашылмағаны қатаң бақыланып, назарға ұсынылады. ҰБТ-ге талапкерлермен қатар ата-аналары, жақындары да келу әдетті жағдай. Олар тек, қолдап қана қоймай, арнайы монитор арқылы барлық сәтті қадағалап отырды. Биылғы жылғы тағы бір жетістік, тестілеуді ешқайда шықпай ақ, үйден де бақылауға болады. Ол үшін белгіленген ғаламтор парақшасына кіріп, тікелей ұсынымға жүгінсеңіз жеткілікті.  

Салтанат ҚУАТОВА  ата-ана

Менің екі сыңарым сынақ тапсыруда. Олар ұзақ дайындалды. Бәрі тамаша тапсырады деген сенімдемін. Балалр өз білімдеріне сенімді, менде оларға сенім артудамын.  

Әдеттегідей, тестілеуден өту үшін 50 бал алса жеткілікті. Ал, ең жоғарғы ұпай 140 ты құрайды. Егер, түлектер, сынақ қорытындысына көңілдері толмаса, аппелияциялық комиссияға шағымдана алады. Ондай топтар әрбір пункте орналасқан.  Осылайша, ҰБТ-ні жоғары деңгейде өткізу үшін барлық жайлылық пен жағдайдың жасалғанын көзіміз көрді. Талапкерлер,  жол азабын тартып, шаршап-шалдыққан жоқ. Ұйқылары қанық, көңілдері тоқ. Алайда, ҰБТ нәтижесі қандай болатынын алдағы уақыт көрсетеді.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар