ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА

14:32, 10 қаңтар 2019

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы Жезқазған қаласында қарқынды жүзеге асырылуда. Бағдарлама қолға алынғаннан бастап, 2009 жылдан бері 32 жас маман жұмыспен қамтылған. Мемлекеттік қолдауға ие болып, туған жердің түтінін түтетіп жүрген ұстаздар жайлы Гүлбақша Ақажанова баяндайды

Нұржан Жүгініс «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен Жезқазған қаласынан Кеңгір ауылына келген. Мемлекеттің қолдауымен баспанаға қол жеткізіп, отбасын дәл осы елді мекенге көшіріп алды. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі жаңартылған оқу жүйесімен шәкірттерге білім нәрін сіңіруде.  Ұстамы мықты ұстаз ғаламторға телмірген жастарды кітапқа қызықтырудың ерекше әдісін де тауыпты.

Нұржан ЖҮГІНІС, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі:

-Көркем шығармамен етене таныс болу үшін өзінің бұрыңғы оқыған қызықты көркем шығармалар туралы қысқаша мазмұндаманы бастайтмынмында аяғына дейін жеткізбеймін. Себебі бала әрі қарай не болды екен деп өзі ызығушылық ианытып, шығарманы аяғына дейін оқитын болады.

Ал Қорлан Сағындыққызы дәл осы мемлекеттік бағдарламамен Малшыбай ауылындағы мектеп оқушыларына сабақ беруде. Ағылшын тілі пәнінің жалғыз маман. Оқушылардың да аталған пәнге  қызығушылығы мол. Ұстаз болсам деген асақ арманым орындалды дейді жас маман. Жұмыс көзін тауып қана қоймай Үкіметтен қосымша қаржылай қайтарымсыз көмек алған.

Қорлан САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі:

-Оқуымды бітіргеннен кейін өз мамандығым бойынша, жұмыс істегім келді. Және өз ауылым болғандықтан осында келдім. Ең бастысы көтерме ақы береді. Жұмысым тұрақты, үйімде бар. 

Малшыбай ауылындағы орта мектеп психологы Жұлдыз Зиядан да «Допломмен ауылға» бағдарламасының қатысушысы.  Бүгінде мемлекет көмегімен оған үй жалдап тұруға қаржылай қолдау көрсетіліп отыр.  Ол Жезқазған гуманитарлық колледжінің түлегі. Бүгінде   оқушылардың уақытын тиімді пайдалану бағытында  түрлі ақпараттық бой сергітерлік жобалар ұйымдастыруда. Мәселен «Шалқыма» би үйірмесін ашып, бір топ қыздарды өнерге баулып жатқан жайы бар.

Жұлдыз ЗИЯДАН, психолог:

-Әр баламен дос болам, сырласам, өз жұмысыма сай оқушылармен араласамын. Олардың көңіл күйлерін бақылауда ұстаймын. Негізгі мақсатым ауыл балаларын отансүйгіштікке жаңашылдыққа тәрбиелеу. 

Былтыр  Жезқазған қаласында  4 маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасты. Биыл да бұл ілкімді істер  өз жалғасын табатын болады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

#qaztrk #qaztrkaimaq #news #qaraqandy  

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды қаласындағы № 93 гимназияда жаңа пән оқу жүйесіне енгізілді
15:12, 22 қаңтар 2018
Қарағанды қаласындағы № 93 гимназияда жаңа пән оқу жүйесіне...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар