ДАРЫНДЫЛАР ДОДАСЫ

17:46, 30 қаңтар 2019

Қарағандыдағы №57 мектеп-лицейінде «RoboKRG» IV қалалық робототехника байқауы өтті. Екі күнге жалғасқан сайысқа 57 білім ұйымынан 370-ге жуық оқушы қатысты. Сонымен «Roboland-2019» халықаралық фестивалінде өңірдің намысын қай команда қорғамақ?

«RoboKRG» байқауына заманауи технологияның қыр-сырын жақсы меңгерген оқушылар жиналған. Бұл балалар математика, физика, информатика пәндерін жетік біледі,- дейді ұстаздары. Мәселен, қаламыздағы №92 гимназияның 5 сынып оқушысы Бексұлтан Есенгелді жарысқа қатысуға өзі ниет білдірген. Жасөспірім досымен бірге өздігінен қозғалып жүретін роботты 2 аптада жасап шығарған.

Бексұлтан ЕСЕНГЕЛДІ, байқауға қатысушы /№92 гимназия/:

-Мен алғаш рет қатыысып отырмын. Осы жұмысымды досым екеуміз жасадық. Болашақта  робототехниканың қыр-сырын меңгеріп, білікті маман болғым келеді.

Бұл байқау оқушылар арасында ғылыми-техникалық шығармашылық пен инженерлік мамандықтарды насихаттау мақсатында биыл 4-ші рет өткізілді. Сайысқа 370 оқушы өздерінің жасаған құрылғылары мен роботтар моделін ұсынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, додаға өтініш білдірген үміткерлердің саны биыл екі есе артқан. Қарағандыдағы 57 білім ұйымынан 178 команда қатысып, өзара бақ таластырды.

Салтанат ЖҮНІСОВА, С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінің директоры:

-Өткен жылы бұл конкурста біз жеңімпаз болған едік. Сондықтан да бұл шара биыл біздің мектепте өткізіліп отыр. Бұл біз үшін үлкен мереке.

Байқаудың қорытындысы бойынша 17 аталымда үздіктер марапатқа ие болды. Ал әр номинацияда бірінші орынға ие болған жеңімпаз командалар «Roboland-2019» халықаралық фестивалінде өңірдің намысын қорғайды.

Айдана ДАСТАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар