«Дарын» мектеп интернатының оқушылары 2 минут аралығында аумақты күл-қоқыстан тазартатын және жүк тасымалдайтын робот ойлап тапты

19:25, 10 қаңтар 2017

Ойы озық талапкерлердің бұл жобалары республикалық робототехника чемпионатында және Санк-Петербор қаласында өткен халықаралық жарыста бірінші орынды иеленген

11-сынып оқушысы Әлішер Мусин  жүк таситын робот құрастырған. Яғни мұнда жүргізушінің қажеті жоқ, көлік автоматты түрде қозғалады. Автор бұл роботтың құрылыс материалдары тәрізді кез келген жүкті діттеген жерге апара алатынын айтады. Иновациялық жоба 2 жыл бойы зерттеліп, зерделенген. 

Ал мына робот бөтелке, қағаз, қалташа тәрізді тұрмыстық қалдықтарды тазартады. Инновациялық техника белгіленген бір аумақты бар болғаны 2 минут аралығында жиыстыруға қауқарлы.  

Мұндай роботтарды ойлап тауып, құрастыру оқушының ой өрісін дамытады дейді мамандар.  Жобамен жұмыс барысында оқушы физика, математика, информатика пәндерінен жетік білуі маңызды.

Бұл жобалар  бүгінде жемісті де жеңісті болып отыр. Алдымен Астана, Қарағанды  қаларында ұйымдастырылған  робототехника чемпионатында жүзден жүйрік шықса, кейін Санкт-Петерборда өткен халықаралық жарыста да бас жүлдеге лайықты деп танылған. Жалпы дарынды балаларға арналған облыстық «Дарын» мектеп-интернатының оқушылары 2016 жылы дәл осындай 6 олимпадаға қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізген.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөндеу жүргізіледі
17:42, 8 желтоқсан 2017
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөн...
Толығырақ...