Биыл Нұра ауданында 200 ден астам оқушы мектеп бітірді

14:53, 26 мамыр 2017

Енді оларды біріңғай ұлттық тест сынағы күтіп тұр. Аудандағы соңғы қоңрау салтанаты №3 Киевка жалпы білім беретін мектепте өтті. Себебі білім ордасының ашылып, сапалы білім мен өнегелі тәрбие бергеніне биыл 40 жыл

№3 Киевка жалпы білім беретін мектеп алаңына әр жылдары осы білім ордасында оқыған түлектер жиналды. 40 жылдық тарихы бар білім мекмесінен барлығы 1662 азамат түлеп ұшқан. Ал биыл 38 оқушы білім ошағын тамамдады.  Мектеп бітірушілерді аудан әкімі  арнайы келіп құттықтады.

Ниқанбай ОМАРХАНОВ Нұра ауданының әкімі

Сендер қайда жүрсеңдер де құрметті жас түлектер туған ауылдарыңыздың келешегі кемел, өрісі кең жерден шыққандарыңызды ұмытпаныздар. Туған жерлерің, өскен орталарыңды мақтан ету тиіссіңдер. Қасиетті қара нұраның мәртебесін арттыратын осы тұрған сендерсіздер. Үлкен өмір жолына басқан қадамдарыңыз сәтті болсын! Барлықтарыңызға ақ жол тілеймін.

Айгүл Оспанова осы мектептің 1994 жылғы түлегі. Кейін  алтын ұясына ұстаз болып оралып, бүгінде еңбек етіп жатыр. Ал қызы Диана Оспанова  биылғы жылдың түлегі. Анасының жолын қуған талапкер  «Алтын белгіге» үміткер. Келешекте мектебінің атын шығару жолында талмай тер төгемін деп отыр.

Айгүл ОСПАНОВА 1994 жылдың түлегі

Бұл мектептің ерекшелігі оқушылардың білімі сапалы жоғары деп ойлаймын. Бұл мектеп аралас мектеп қазақша орысша. Өзім осы мектепте оқып, жұмыс жасап жатқанымды мақтан тұтамын.

Диана ОСПАНОВА  2017 жылдың түлегі

Мен Астанада болашақта Гумилев университетін таңдадым. Физика-математика пәндерін. Себебі жастайымнан бұл пәндерді жақсы көріп оқыдым. Болашақта күшті инженер болғым келеді.

№3 Киевка жалпы білім беретін мектеп - ресурстық орталық. Бүгінде  500 ден астам оқушы оқиды. Барлығы 58  мұғалім шәкірттергезаманауи білім беруге күш салады. Толайым табыстары да бар. Мәселен биыл өткен «Роболент -2017» халықаралық байқауда оқушылар жүлделі 3 орын алды. Олардың ғылыми жобалары әділқазылар алқасының оң бағасына ие болған.

Сайран САҒЫМБЕКОВ №3 Киевка жалпы білім беретін мектепттің директоры

Спорт жетістіктері бар. Бокстан Қазақстан Чемпионы бар. Олимпиададан жүлдегерлер бар. Физика, математика, химия. Түлектеріміз шет елде де білім алып жатыр.

Бұл биылғы жас түлектердің өнері. Олар би орындап, мектеппен қоштасу әнін шырқады. Соңғы қоңырау салтанатында оқу жолы қортындыланып, үздік оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА тілші

Асқақ арманды арқалап биыл Нұра ауданында 203 оқушы мектепті аяқтады. Мектеп бітурішілердің 7-еуі «Алтын белгіге» 5-еуі «Ерекше атестатқа» үміткер. Олар ұлттық біріңғай тест емтиханын 23 маусымнан бастап тапсыратын болады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар