Биыл ата-аналар оқулық сатып алмайды

20:29, 23 тамыз 2017

Билік өкілдері оқушыларды кітаппен 100 пайыз қамтамасыз етеміз деп отыр. Сонымен қатар мектептер оқу жылына дайын. Алайда жөндеу жұмыстарынан өтуі тиіс кейбір білім мекемелері кестеден қалып қойған. Бұл Қарағанды қалалалық мәслихатының кезекті 16 сессиясында мәлім болды

2017 жылдан бастап енді ата-аналар балаларына оқулық сатып алмайтын болады. Биыл оқушыларды кітаппен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 596 млн теңге бөлініпті. Алдымен жаңартылған оқу жүйесіне енген 2,5,7 сыныптарға арналған кітаптар мен оқу дәптерлері алдырылған. Қыркүйек айының 20-сына дейін барлық мектеп оқушылары 100 пайыз кіттапқа қол жеткізеді. Қарағанды қаласындағы білім нысандарын жөндеуге биыл  1 милиард 200 млннан астам қаржы қарастырылған. Қазір бірқатар білім ордалары жаңартылып, оқу жылына сақадай сай. Алайда құрылыс жұмыстары кестеден қалып қойған мектептер де бар. Бұған конкурс жұмыстарының кешігуімен және медігер компаниялардың уақытылы қажетті материалдары алмауы себеп.  Билік өкілдері барлық оқу орны 1 қыркүйекке дейін дайын болады дейді. Алайда қоғамдық кеңес мүшелері жөнделген мектептердің сапасына көңілдері толмайтынын жеткізді. Депутаттар мектептерде аумақты  аббаттандыру мен ескірген жиһаздарын ауыстыру  мәселелері барын жеткізді. Тиісінше Қарағанды қалалық әкімдікке бірқатар ұсыныстарын білдірді.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар