БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР

21:03, 11 қаңтар 2018

Елбасы кезекті жолдауында оқу жүйесіндегі бағдарламаларды жаңартып, Қазақстан озық білім мен тәжірибені тарататын орталыққа айналу керектігіне тоқталды. Бұл бағытты ұстаздар қауымы бір ауыздан құптап, қолпаштап отыр. Себебі, өткен 2017 жылы енгізілген жаңартулардың нәтижесінде білім саласында айтарлықтай жетістікке қол жеткізді

Өткен жылдың басты жаңалығы еліміз бойынша жаңартылған білім мазмұнының енгізілуі болды. Қарағанды облысы бұл жаңашылдықты барлық мектептерде қолдана бастады. 2, 5 және 7 сыныптарға арналған жаңа оқулықтарды пайдаланды.

Алмагүл  ТҮСІПОВА    ұстаз

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Алған білімдерін оқушылар өмірде қолдана білу үшін жұмыс әстеу керек.

Былтыр Қарағанды инклюзивті білім беру бойынша республикалық тәжірибелік алаңға айналды. Тіпті, Татарстандық педагогтер  облысымызға  тәжірибе алмасуға келді. Меймандар №27 мектептің саладағы жетістіктерімен танысып, оқытудың ұтымды әдістерін игере бастады. Бұл білім ошағы облыстың инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда. Бүгінде мұнда 119 бала білім алуда. Оқу ордасындағы замануи жабдықтар Санкт-Петербордан әкелінген. Сондай-ақ өткен жылы «инклюзивті балабақша», «инклюзивті мектеп»,  «инклюзивті колледж» деп аталатын 3 жоба сәтті жүзеге асты. 

Анна       ВОРОТНИКОВА                  Яшаның әжесі

Иттің арқасында біз жүруді үйрендік. Мүлдем жүре алмайтын еді. Менің оқытушыларға деген алғысым шексіз. Мықты мамандардың арқасында бәрі жақсарары сөзсіз.

Ал, дуальды оқыту техникалық және кәсіптік маман даярлаудың ең тиімді тетігі болып табылады. Бұл - жаңашылдықты облыстың білім саласы оң пайдалана алды. Бүгінде Қарағанды облысындағы отыздан астам   колледжде дуальды оқыту жүйесіне енгізілген.  2019 жылы мұндай оқу орындарының саны 45 жеткізу жоспарланып отыр. Дәл қазіргі уақытта әлемнің 60 елінде  осындайбірегей жүйесімен жемісті, жеңісті жұмыс жасайды.

Қуандық  НҰРПЕЙІСОВ       «Инкар-1» ЖШС директоры

Бізге дуалды білім бері жүйесін ұсынған кезде бірден келістік. Себебі, 60 пайыз – тәжірибе, ал 40- пайз теорияға мән береді. Бұл, әрине жақсы. Себебі, мол тәжірибе арқылы студенттеріміз үлкен жетістікке қол жеткізеді.

Ал, мына құрастырылған электрлік велосипед - дуалды оқыту жүйесінің жемісі.  Бұл  - ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде ұсынылған  жобалардың бірі. Оны Теміртау политехникалық колледжінің студенттері ойлап тапты. Мұны болашақ мамандар Германиядағы жоғары оқу орнының мұғалімдерімен бірлесе отырып жасаған. Мотор, аккумулятор және дисплеймен жабдықталғандықтан,  4  сағат қуаттасан,120 шақырым  жүруге жетеді. Жоғары жылдамдығы сағатына 35 шақырымды құрайды. Былтыр робототехника кабинеттері ашылып, оқушылар мен студенттер инновациялық жобалармен жұмыс жасай бастады.

Айдана ДАСТАН, тілші
Ал, мынау  Болашақ колледжінің студенттері   мен оқытушылары ойлап  шығарған жаңа дәуірдің Роботы.  Бұл робот футбол ойнай алады. Алаң бойынша өздігінен жүріп, қарсыластар қақпасына гол соғады. Керек десеңіз қақпашы да бола алады екен. Ия, осындай көпфункциональды құрылғыны біздің жерлестеріміз ойлап тапты. /

Қарағанды облысында өткен жылы жаңа мектептердің  құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жаңа білім ордасы, болашақ ұрпақ тәрбиесін одан әрі жетілдіру мақсатында бой көтерді. Бүгінде  аймақта 500-ден аса мектепте 20 мыңнан астам ұстаз тәлім етеді.

Айдана ДАСТАН, тілші

Қарағанды облысы  биыл 2 білім ошағымен толықты. Солардың бірі -  «Кең дала» шағын ауданында  орналасқан №102 мектеп гимназиясы. Мұнда 1200-ге жуық  бала білім алады. Ерекшелігібұл білім мекемесі заман  талабына сай бой көтерген.

Жаңа оқу орнында  сабақ қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Оқушылар жаңа оқыту бағдарламарына сәйкес түрлі бағыт бойынша мол білім алады. Ол үшін мұнда барлық жағдай жасалған.Мәселен, физика, химия, технология, информатика пәндері бойынша арнайы жабдықталған кабинеттер бар. Білім мекемесі заманауи қондырғыларменқамтамасыз етілген. Айта кету керек, мектеп «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында салынғандықтан 3 ауысым бойынша оқу проблемасын  шешті. Оның құрылыс жұмыстарына 2 миллиардқа жуық қаражат жұмсалған. Өткен жылы облыста 22 жекеменшік балабақша есігін айқара ашты. Жалпы, соңғы үш жылда Қарағанды қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында көптген балабақша ашылып, кезек мәселесі шешімін тауып келеді. 2017-жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында барлық мектептерде «Өлкетану» пәні еңгізілді. Осылайша, 7-шы сынып оқушылары жаңа электронды форматта оқитын болды. Айта кету керек, оқулықты жасап шығаруға бүкіл өңірдегі оқытушылардың шығармашылық тобыат салысты. Электронды кітап - жиналған фото және бейне материалдарды қамтиды. Алдағы уақытта білім беру басқармасы мектептерде мұражай тану пәнін еңгізуді жоспарлап отыр. Жалпы білім беретін пәндер бойнша республикалық олимпиада және ғылыми жобалар, білім сайыстарының қорытындылары бойынша Қарағанды облысының командасы өткен жылы республикада үздік деп танылды. Ұлттық бірыңғай тестілеуде  облыс республика бойынша алдыңғы қатарға еніп, 78,3 пайыз нәтиже көрсетті. Бұл әрине ұстаздардың ерең еңбегі. Сондықтан облыс әкімі Ерлан Қошанов 2017 жылдың  бірқатар үздік ұстаздарын марапаттап, арнайы сыйақы табыстады.

Айдана ДАСТАН, тілші

Өткен жылы облысымыздың оқушылары олимпиада да топ жарып, жүлделі орындарға ие болса, колледж бен жоғары оқу орнының студенттері тың жобаларымен көңіл қуантты. Бұл облысымыздың озық, білімді жастары мен ұстаздарының жеткен жетістіктерінің бір парасы ғана.

Айдана ДАСТАН

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды қаласындағы № 93 гимназияда жаңа пән оқу жүйесіне енгізілді
15:12, 22 қаңтар 2018
Қарағанды қаласындағы № 93 гимназияда жаңа пән оқу жүйесіне...
Толығырақ...
Гоголь атындағы облыстық кітапханада «Kazakhstan Spelling Bee» ұлттық байқауы өтті
15:07, 22 қаңтар 2018
Гоголь атындағы облыстық кітапханада «Kazakhstan Spelling Be...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
17:42, 13 маусым 2018
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...