Білім саласындағы өзгешеліктер

19:19, 3 шілде 2017

Облыстың қала, аудандарындағы мектептерді оқулықтармен қамту,оқушыларды әртүрлі сайыстар мен байқауларға және олимпиадаға қатысу үшін сабақтан босату оларды басқа мектептерге ауыстыру тәртібінің ережелері бүгінгі жиынға арқау болды.Қазақстандағы білім саласындағы хұқықтық белгіленген құжаттың орындалысына байланысты тыңдауда айрықша айтылды

Хұқықтық тұрғыда бекітілген бұл құжат білім беру саласына айрықша серпін береді.Егер ол сапасыз әзірленсе, уақтылы орындалмаса оның нәтижесі де мардымсыз болмақ. Осы бағыттағы жұмысты білім саласында ширата түсу бүгінгі өзекті мәселеге арқау болды.

Мәулида ЖОШИНА білім саласын дамыту қоғамдық  кеңесінің төрайымы

Білімсіз, экономикалық және әлеуметтік прогрестің дамуы мүмкін емес.Бүгінгі ауқымды шараға  қатысушының алған әсері келешекте өз нәтижесін береді деп сенеміз.Хұқықтық құжаттарға заңды тұрғыда өзгеріс еңгізу өз тиімділігін береді деп сенеміз. Көтерілген мәселелер бір-бірімізді толықтырып, іс-тәжірибе алмасумен қоса ұсыныс-тілегімізді айтуға септігін тигізді.

Білім саласындағы өзекті мәселе әлем халқы үшін де маңызды. Осындай кездесулер дидарласу алаңы ғана емес,  облыстың ұстаздар қауымы тарапынан зор қызығушылық тудырды.Алқалы жиынға қатысушылары бір-бірімен тәжірибе алмасты.

Ахат МЕШТАЕВ Қарағанды қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы

Білім және Ғылым министрілігі тарапынан орталықтандырылған оқулықпен қамту жүйесі еңгізілсе дұрыс болар еді.Өйткені, әр ауданмен қаланың мүмкіншілігі әрқилы.Осының салдарынан оқу жылы басталғанда үлкен қиындықтарға тап болудамыз.

Ағарту саласына жауапты тұлғаның айтуынша оқушыларды, оқу жылы бойына сабақтан босату мәселесін реттеу керек.Оның нақты себептері спорттық шаралар мен шығармашылық байқаулар, олимпиадаға қатысу тағы басқалары сияқтылар мәселелермен сабақтасуы қажет.Қоғамдық тыңдауда-мектепке дейінгі мекемелерде  ұстаздар қауымына жалақы төлеу мәселесі де айтылды.

Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар