БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

17:13, 29 тамыз 2017

Биыл жаңа оқу жылында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бой көтерген жаңа мектеп-интернат қолданысқа беріледі. Ол көзі нашар көретін балаларға арналған білім ошағы. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлнәр Бижанова бастаған топ әлеуметтік маңызы бар нысанның оқу жылына дайындық барысын қадағалады

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлнәр Бижанова, Қарағанды қаласының қоғамдық кеңес мүшелері, «Нұр отан» партиясының өкілдері мектеп-интернаттың оқу жылына дайындығын қадағалап шықты.  Осыдан екі апта бұрын халық қалаулары мен кеңес мүшелері бұл білім мекемесінде болып, құрылыстың сапасын тексерген болатын. Сол кезде айтылған сын, ескертулер жойылған. Мұнда балаларға «үйдегідей» жағдай жасалып отыр. Оқу  корпусындағы аудиториялар заманауи жабдықтармен жаңа жиһаздармен жарақталған.  Кең оқу залдары, асхана, спорт залы мен бассейн бар. Балалардың жатын бөлмелері де кең, әрі жарық.  Айта кетсек, бұл үш қабатты ғимаратты көтеруге он жыл уақыт кеткен. Мектеп 250 орынға шақталған. Әзірге келетін бала саны 130 ғана. Комиссия мүшелері мектептің ауласын көгалдандыруға  ат салысты.  Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлнәр Бижанова алғашқы шырша отырғызып,   аллеяға «Туған жер» деп  ат қойды.

Гүлнәр Бижанова ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

- Екі апта бұрын біз мұнда келген кезде тапсырма берген соң ойландық, біздің қолымыздан қандай көмек келеді деп? Мектептің ауласына ағаш отырғызып, «Туған жер»  деп ат қоюды шештік. Орман шаруашылығы мен мердігерлерге көп рахмет. Біз басқа да жобаларға демеушілік көрсетеміз.

Мектеп жаңа оқу жылына дайын. Сәтін салса, 4 қыркүйек күні мұнда ерекше балалар үшін алғашқы қоңырау соғылады.

Райхан САЙРАНБЕК 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар