Абай Құнанбаев атындағы балалар кітапханасының ұжымы өрендерді білім бұлағымен сусындауға шақырады

21:33, 15 маусым 2017

Жазғы демалыс айларында рухани орталық қызметкерлері балғындарға арнап қызықты шаралар өткізеді.Ашық аспанда астында жеткіншектер ойын ғана емес бойын да сергітеді

Алдымен кітапхана мамандары балалардың алғырлығын арттыру үшін викториналық сұрақтар қойып, олардың қарым-қабілетін тексерді. Әр сәрсенбі сайын таңертеңгі сағат 11 -ден  түскі бірлердің аралығында кітапхана ұжымы кішкентайлардың назарына шаттықты бағдарламалар ұсынады.Сонымен қатар, ұйымдастырушылар балаларды орталық саябаққа апарып, асыр-салдырып  ойнатады.Бұдан бөлек,  бүлдіршіндер хайуанаттар бағына саяхат жасайды.  

Елена КУЧАЕВА Абай атындағы балалар кітапханасының бөлім басшысы

Балаң оқырмандар әдебиетті оқып ғана қоймай көңілге медеу қылып тоқиды. Кейінгі жылдары кітаптан бас алмайтын өрендердің саны көбейіп келеді. Біз бірнеше қызмет түрлерін тегін көрсетеміз. Жасөспірімдерден ақы алмаймыз.

Жыл бойы кітапхана демалысқа кетпейді. Бүгінде рухани орталықтың 12 мыңнан астам оқырманы бар. Бұл жерге тұрақты түрде тіркеліп, төрінен табылғыңыз келсе,  туу туралы куәлігіңіз бен мекен-жайыңыз жөніндегі анықтама болса жеткілікті. Ангелина Крылова бірінші сыныптан бастап кітапханаға баруды сүйікті ісіне айналдырған.

Ангелина КРЫЛОВА  

Мен мың рет естігеннен гөрі көп  оқығанды жақсы көремін.   Мына қолымда тұрған кітаптың беттерінде жазылған  Элли деген кейіпкердің өміріне қызығушылықпен қараймын. Мектептен кейін көшеде құр босқа сабылмаймын,  қайта басылымдарға назар салғанды құп көремін.

Облыстық Абай Құнанбаев атындағы кітапхананың негізі 1953 жылы қаланған. Жалпы  ғимараттың қорында  170 мың кітап пен  газеттер жинақталған.Тіпті сөрелерден әлем әдебиеті мен классикалық туындыларды кездестіресіз.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар