2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті

17:06, 8 желтоқсан 2017

Бұл жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша мәселелерді талдап, тарзылаған форумда мәлімделді. Облыстық білім басқармасы ұйымдастырған шараға аймақтың қала мен аудандарынан мұғалімдер жиналды. Онда үштілде білім беруді дамытудың бүгінгі жағдайы жан-жақты қарастырылды

Қазір облыс бойынша  жаратылыстану-математика бағытында 2355 педагог бар. Олардың 1155 –сі арнайы оқытудан өткен. Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Абай ауданы бойынша барлығы 10 мектеп биылдан бастап жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде жүргізуде. Аталған білім мекемелерінде 51 мамандарылған ұстаз жұмыс істейді.  Мектептер арнайы оқулықтармен жабдықталған.

Бақытгүл ӘБДІКЕРОВА облыстық оқу-әдістемелік орталық директорының орынбасары

-Осы бір процесс барысында туындаған мәселелерді бірлесіп шешу үшін ұйымдастырылып отыр форум. Педагоктарды қолдау үшін. Болашақта да жалғаса береді.

Ұстаздар қауымы үш тілде оқыту бойынша өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, бірқатар мәселелерді де алға тартты. Екі күн бойы олар  зертханалық  жұмыстарды, технологияларды қолданудың  әдіс-тәсілдерін бірлесе үйренеді. Сабақты «USTAZ»  кәсіби жетілдіру орталығының мамандары жүргізуде.

Бақтияр ЭРМЕТОВ «USTAZ»  кәсіби жетілдіру орталығының өкілі

- «USTAZ»  кәсіби жетілдіру орталығы қазақ-түрік лицейі, білім инновация мектептерінің тәжірибелерін қолданады. Олардың 25 жылдық тәжірибесі бар. Мұғалімдермен келісім-шарт бар.

Балқаш қаласынан келген Сымбат Сүлейменова №15 лицейде төртінші жыл физика пәнін ағылшын тілінде береді. Ол форум арқылы алаңдатқан сұрақтарына жауап алды. Жалпы орта білім беруді жетілдіру аясында кең көлмеде жүргізіліп жатқан шаралар қуантады, - дейді жас маман.  

Сымбат СҮЛЕЙМЕНОВА  Балқаш қаласындағы №15 лицейдің  мұғалімі

-Қазіргі таңда мен7-8 сыныптарға ағылшын тілінде физикадан сабақ жүргіземін. Осы бағдарлама жүргізілгеннен бастап жетістіктеріміз бар.

Қарағанды облысында үштілді білім беруді енгізу бойынша жұмыстар мықтап қолға алынған.  Бұл оқу жүйесін жетілдіруде осымен бірнеше жыл көлемінде Нұрмақов атындағы және «Мұрагер» мамандарылған мектеп-интернаттары көш бастап тұр.

Райхан САЙРАНБЕК 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар