Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді

22:00, 15 қараша 2016

Оның бір айғағы биыл «Бизнестің жол картасы» аясында 16 нысан іске қосылған. Нәтижесінде 80 жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындар еңбекпен қамтылған

Сәтбаев қаласы облыста әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жағынан 9 айдың қортындысы бойынша 2-ші орыннан көрінген. Бұл шаһардың мұндай жетістікке жетуінде өнеркәсіп саласы мен шағын және орта бизнестің үлесі қомақты. Еңсебай Әбутәліп биыл Сәтбаев қаласында алғаш болып  ең үлкен сауда үйін ашыпты. Нысанның құрылысына 360 млн.теңге жұмсаған. Қаражаттың тең жартысын «Шағын қалаларды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында  алған. Бизнес өкілдері үшін ісін өрге бастыруға бұл таптырмас көмек дейді кәсіпкер.

Ал Алена Эберман «Даму» қоры арқылы өз арманына қол жеткізген. 3 млн.теңге грант алып, шағын тігін цехын ашқан. Ол қаражатқа Қытайдан киім тоқитын  құрылғы сатып алыпты. Бұл аппарат жұмыстың жедел жүруіне және еңбек күшін үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек мұнда 9 адам жұмыс істеп жатыр. Әзірге жеке тұтынушыларға қарағанда мекемелерден тапсырыс көп түсетінін кәсіпкер жасырмады.

Жалпы биыл Сәтбаев қаласында  өз қаражатына және «Бизнестің жол картасы» аясында 16 нысан іске қосылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық. Ал инвестиция көлемі 6 есеге артыпты. Нәтижесінде 80 жаңа жұмыс орны ашылды.

Шағын шаһарда кәсіпкерлік саласында өндірілген өнім көлемі 3,6 млрд. теңгені құраған.  Өңірді кешенді дамыту жоспарына сай келесі жылы тағы бірнеше жобалар жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағдайда мемлекеттік кіріс департаментіне 10 күн ішінде ақпарат беру керек
21:49, 17 қараша 2016
Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағда...
Толығырақ...
Соңғы 9 айда біздің  облыс бойынша  негізгі капиталға  инвестиция тарту  көлемі 200 миллиардтан асқан
12:46, 9 қараша 2016
Соңғы 9 айда біздің облыс бойынша негізгі капиталға инвес...
Толығырақ...
Қаражал қаласында былтыр барит кенін қайта өңдейтін кешен ашылды
17:45, 3 қараша 2016
Қаражал қаласында былтыр барит кенін қайта өңдейтін кешен аш...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...