Приозерск қаласында азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша іс-шаралар жүргізу мықтап қолға алынған

18:25, 12 мамыр 2016

Мысалы, әкімдік дүкендердегі бағаларға әрдайым мониторинг жүргізумен шектеліп отырған жоқ. Дәстүрлі түрде сенбілік жәрмеңкелер ұйымдастырып, шаруалар ешқандай делдалсыз өз өнімдерін тұрғындарға арзан бағамен саудалауға мүмкіндік жасаған.

Әр сенбі күндері Приозерск қаласының орталық алаңы шағын базарға айналады. Наурыз айынан бері  жергілікті атқарушы билік бағаны тұрақтандыру мақсатында 8 жәрмеңке өткізіпті. Содан бері 47 тонна өнім саудаланған. Жеткізілген өнімдердің бағасы нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан. Мысалы сиыр және қой етінің келісі небәрі 1000 теңгеден. тұрғындар сәбіздің 1 келісін 70 теңгеден, пияз бен картопты 50 теңгеден, қызылша мен қырыққабатты 100 теңгеден сатып ала алады.

Сондай-ақ жәрмеңкеге жақын маңдағы аудан ауылдарының тұрғындары қатысып,сары май, құрт, сүт, ірімшіктерін сатып,жұртшылықты таза табиғи өнімдермен жарылқап жүр. Бұдан бөлек Приозерскте бағаның негізсіз шарықтауына жол бермеу үшін 2 әлеуметтік дүкен ашылған. Онда әлеуметтік маңызды тауарлар қолжетімді бағамен сөреге қойылған. Және тағы бір айта кетерлігі, бұл жерлерде негізінен Қазақстанда жасалған өнімдер сатылады.

Ал, облыстық тұрақтандыру қоры бойынша жәрмеңкеге 3,8 тонна бакалея өнімдері. 8,8 тонна көкөніс және 54 мың дана жұмыртқа  жеткізілген.  Бағаның өсуіне жол бермеу бағытындағы оңды істер одан әрі жалғаса береді дейді Приозерск қаласының әкімдігі.

Асылбек ТОЙБЕК 

Тақырып бойынша материалдар

Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағдайда мемлекеттік кіріс департаментіне 10 күн ішінде ақпарат беру керек
21:49, 17 қараша 2016
Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағда...
Толығырақ...
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді
22:00, 15 қараша 2016
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дам...
Толығырақ...
Соңғы 9 айда біздің  облыс бойынша  негізгі капиталға  инвестиция тарту  көлемі 200 миллиардтан асқан
12:46, 9 қараша 2016
Соңғы 9 айда біздің облыс бойынша негізгі капиталға инвес...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...