Отандық тауар өндірушілерді қолдау бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда?

17:58, 11 сәуір 2016

Бұл сұрақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының Төрағасы Тимур Кұлыбаевтың біздің облысымызға жұмыс сапары барысында талқыланды. Ол сүт өнімін өндіретін ірі кәсіпорының бірі «Нәтиже сүт фабрикасында» болды. Одан кейін Қарағанды облысы әкімінің қатысуымен аймақтық кәсіпкерлер палатасы кеңесінің отырысы өтті

Аймақтық кәсіпкерлер палатасы кеңесінің отырысын ашқан  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының Төрағасы Тимур Кұлыбаев бүгінгі күні алда тұрған міндеттерді саралап, ведомствоның атқаратын жұмыстары жайлы қысқаша тоқталды.

Қарағанды облысы бойынша шағын және орта бизнестің даму қарқыны көңіл көншітеді. 87 мыңға жуық бизнес субъектісі жұмыс істейді. Оларда 240 мыңдай адам жұмысқа тартылған. Ол халықтың экономикалық белсенділігінің 32 пайызын құрайды.

Кәсіпкерлер палатасы аймақтық кеңесінің отырысында сонымен қатар күрмеуі қиын мәселелер де айтылды.  Әкімшілік кедергілер, сатып алу, қаржы қоры мен мемлекеттік қолдау шараларына қатысты сұрақтар көтерілді. Қарағандылық ішкі нарықта кәсіпкерлер жергілікті өнімге сұраныстың жоқ екеніне алаңдаулы. Кәсіпкерлер мен атқарушы билік органдары бірлесе шешетін мәселелер талқыға салынды. Облыс әкімі жиын барысында Қарағанды аймағындағы бизнесмендердің белсенділігі ерекше екенін басып айтты. Бұл белсенділік ел Президентінің алға қойған міндеттерін атқару жолында үлкен күш екенін де атап өтті.

Лейла ЕСКЕНҚЫЗЫ 

Тақырып бойынша материалдар

Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағдайда мемлекеттік кіріс департаментіне 10 күн ішінде ақпарат беру керек
21:49, 17 қараша 2016
Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағда...
Толығырақ...
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді
22:00, 15 қараша 2016
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дам...
Толығырақ...
Соңғы 9 айда біздің  облыс бойынша  негізгі капиталға  инвестиция тарту  көлемі 200 миллиардтан асқан
12:46, 9 қараша 2016
Соңғы 9 айда біздің облыс бойынша негізгі капиталға инвес...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...