Қазақстанның үздік тауары – 2016

18:43, 29 тамыз 2016

«Қазақстанның үздік тауары». Облыс орталығында осындай атаумен көрме-байқау өтті. Аймақтың үздік өнімдерін сарапқа салған шараға 90-ға жуық жергілікті кәсіпорын қатысты. Жүзден астам өнім түрін ұсынған өндіріс орындарына бір ғана міндет жүктелген. Ол – бәсекеге қабілетті сапалы тауар өндіру.

Облыс орталығында  осымен 11-інші рет өткізіліп тұрған аймақтық тауар көрмесінде «Балқаш нан » ЖШС-ның өнімі де төрден орын алды.  Жұмысын өткен жылы ғана бастаған кәсіпорын аз ғана уақыт  ішінде халықты 65 түрлі нан өнімімен қамтамасыз етіп отыр. Кешеннің келешегі үшін «Даму» қоры қаржылай қолдау білдірген. Бүгінде тасы өрге домалаған кәсіпорын зейнеткерлерді де назардан тыс қалдырмай тегін нанмен қамтып келеді. Әлеуметтің әл ахуалын арттыруға үлес қосып жатқан ұжым бұл күні «үздік азық түлік тауары» номинанты атанды. Бір қуантарлығы, кәсіпорын басшылары қиын уақытта да жұмысшылар санын қысқартпаған, керісінше өндірістерін кеңейтіп, бос жүргендерді еңбекпен қамтуды жоспарлауда. 

Жыл сайын қатысушылардың қатары да көбейіп, Қазақстанның сауда айналымында өзіндік орындарын сақтап келеді. Биылғы жылы аймақтық байқауға облыс кәсіпкерлігінің түрлі саласынан 86 тауар өндіруші қатысты. Олар өңір экономикасының дамуына үлес қосып жүргендер. Солардың бірі «Мутлу гипс» өндіріс ошағы. Ұжым мінсіз қызмет пен сапалы өнімі үшін «Халық тұтынатын үздік тауар» аталымына ие болса, «Теміртау электр метталлургиялық комбинаты»  «үздік өндіріс тауары» аталымына лайық деп танылды.

Жеңімпаздарды бизнес қауымдастығы мен мемлекеттік органдардан, сонымен қатар Ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалы өкілдерінен  арнайы жасақталған комиссия анықтады.
Байқау жеңімпаздары жыл аяғында Елордада өтетін «Қазақстанның үздік тауары - 2016»  байқауында Қарағанды облысының атынан сынға түседі.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ 

Тақырып бойынша материалдар

Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағдайда мемлекеттік кіріс департаментіне 10 күн ішінде ақпарат беру керек
21:49, 17 қараша 2016
Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағда...
Толығырақ...
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді
22:00, 15 қараша 2016
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дам...
Толығырақ...
Соңғы 9 айда біздің  облыс бойынша  негізгі капиталға  инвестиция тарту  көлемі 200 миллиардтан асқан
12:46, 9 қараша 2016
Соңғы 9 айда біздің облыс бойынша негізгі капиталға инвес...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...