Қарағандылық кәсіпкерлер Өскемен қаласында өткен «AltayInvest-2016» халықаралық инвестициялық форумға қатысып қайтты

17:00, 24 қазан 2016

Біздің аймақ өкілдерін облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков бастап барды. Қарағандылықтар инвесторларды несімен қызықтырды?

Біздің облыс өкілдерін нан-тұзбен емес, бауырсақ пен балдан дәм татқызып қарсы алды шығыс қазақстандықтар.«ALTAI  INVEST» форумы отандық өнім өндірушілер мен инвесторлар арасындағы маңызды келісімдер жасалатын алаңға айналды. Өскеменге 13 елден 300-ден астам делегат келді. Олардың ішінде қаржы және дипломатиялық институттардың өкілдері бар. 

Халықаралық инвестфорумның бір бөлімі туризмді дамытуға арналды. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында 400-ден астам туристік нысан бар. Олар бір мезетте 23 мыңнан астам саяхатшыларды қабылдай алады.

Шығыс Қазақстан облысының 3 туроператоры және Қатон-Қарағай ұлттық паркі Қарқаралы ұлттық паркімен әріптестік жөніндегі келісімге қол қойды.Серіктестер Алтай өңірінің тұрғындарынажәне ресейлік меймандарға экскурсиялық турлар сатуды жоспарлап отыр.

Қарқаралы ұлттық паркі Қатон-Қарағайға турлар сатумен де айналыса алады, себебі туристік оператор лицензиясы бар.

Сонымен қатар ауылшаруашылығы өкілдері де агроөнрекәсіп саласын бірлесе дамытуға келісім жасасты. Енді қарағандылық «Астра-Агро ЛТД» компаниясы Шығыс Қазақстан өңіріне 60 тонна картоп тұқымын жөнелтіп отырады. Айта кету керек, бұл күні елімізде картоп өсіруде көш бастап тұрған шаруашылықпен бірнеше қожалық иелері әріптестік жөніндегі келісімшартқа қол қойды.

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағдайда мемлекеттік кіріс департаментіне 10 күн ішінде ақпарат беру керек
21:49, 17 қараша 2016
Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағда...
Толығырақ...
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді
22:00, 15 қараша 2016
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дам...
Толығырақ...
Соңғы 9 айда біздің  облыс бойынша  негізгі капиталға  инвестиция тарту  көлемі 200 миллиардтан асқан
12:46, 9 қараша 2016
Соңғы 9 айда біздің облыс бойынша негізгі капиталға инвес...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...