Қарағанды өңірінде жаңа 3 кәсіпорынның құрылуына шетелдік инвесторлар триллион теңге құйып отыр

14:07, 27 қараша 2015

Бұл жобалар индустриаландыру картасы аясында жүзеге аспақ. Президент елімізге шетелдік инвесторларды тарту керектігін үнемі айтып келеді

Бұл бағытта Қарағандыда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, үйлестіру кеңесінде 3 бірдей ірі жоба қаралды. Аймақтық индустриаландыру картасына енген жобалардың бірі сапалы әктас өндіретін зауыт. Оскаровка ауданында бой көтеретін өндіріс орнына Белгия инвесторлары 8 млрд. теңге қаражат құйып отыр. 108 адам еңбекпен қамтылмақ. 

Ал қытайлық инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын екі жоба республикалық индустриаландыру картасына енген. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақ аумағында кешенді қорытпалар зауытын салу жоспарлануда. Нәтижесінде өңірге 73 млрд. теңге сомасында инвестиция тартуға және шамамен 1 мың жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік тумақ.

Зауытта бірінші деңгейде жылына 170 мың тонна ферро силико алюминий өндіріледі деп жоспарланған.

Тағы бір жоба - «Көмірді қайта өңдеу бойынша кешен құрылысы салынбақ. Бұл Президенттің ҚХР басшылығымен жүргізген келіссөздерінің нәтижесінде жүзеге асырылып отыр. Кәсіпорын дизельдік отын, түрлі химиялық өнімдер шығаратын болады. Сондай-ақ көмір кен орындарын барлау тиімділігін арттыруға, өңірдегі жаңа бағыт – көмір – химия өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік береді. 

 

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағдайда мемлекеттік кіріс департаментіне 10 күн ішінде ақпарат беру керек
21:49, 17 қараша 2016
Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағда...
Толығырақ...
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді
22:00, 15 қараша 2016
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дам...
Толығырақ...
Соңғы 9 айда біздің  облыс бойынша  негізгі капиталға  инвестиция тарту  көлемі 200 миллиардтан асқан
12:46, 9 қараша 2016
Соңғы 9 айда біздің облыс бойынша негізгі капиталға инвес...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...