Қарағанды облысының халық қалаулылары жылды қортындылады

15:27, 14 желтоқсан 2015

Сондай-ақ, келесі жылы өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіп саласында атқарылатын жұмыстар ретін талқылады. Аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту жайы айтылды. 2016-2018 жылдарға арналған бюджет жоспары таныстырылды

2016 жылы республикалық бюджеттен түсетін трансферттерді және кредиттерді есептемегенде облыстық бюджет кірістері 85,6 миллардты құрайды. Түзетулер мен толықтырулар барысында қазына қаржысы біршама  үнемделген. Барлық шығындар 30  пайызға жуық қысқартылыпты. Алайда тұрғындар алдындағы  әлеуметтік міндеттер  сақталып отыр.

Сонымен қатар биыл басталған  әлеуметтік жобалар келесі жылы да жалғасады. Алайда облыстық денсаулық сақтау басқармасы тегін дәрі- дәрмекке зәру тұрғындарды қажетті фармацевтикалық препараттармен  қамтамасыз ету 30 пайыздан аспайды деп жоспарлап отырған көрінеді.

Сессияда облыстық мәслихат хатшысы Нұрлан Дулатбеков мәслихат бойынша 2015 жылы атқарылған жұмыстарды баяндады. Биыл 9 сессия өткізіліп, 106 мәселе қаралған. Ал тұрақты комиссия отырысында өңірдің тыныс-тіршілігіне қатысты келелі проблемалар талқыға түскен. Облыстық мәслихат хатшысының қабылдауында 22 азамат болып, көкейкесті сауалдарын жолдапты. Облыстық және өңірлік мәслихат депутаттарының арнайы жұмыс тобы қала аудан, ауылдарды аралап, өңірлердің өмір сүру деңгейін бақылап, өзекті проблемаларды билік басына жолдап отырған. 

2015 жылды облыстық мәслихат тағы бір жетістікпен түйіндеді. ҚР мәслихаттары республикалық қоғамдық бірлестігі тағайындаған «Құрметті депутат» атағымен бірқатар қарағандылық халық қалаулылары салтанатты түрде марапатталды.

 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағдайда мемлекеттік кіріс департаментіне 10 күн ішінде ақпарат беру керек
21:49, 17 қараша 2016
Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағда...
Толығырақ...
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді
22:00, 15 қараша 2016
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дам...
Толығырақ...
Соңғы 9 айда біздің  облыс бойынша  негізгі капиталға  инвестиция тарту  көлемі 200 миллиардтан асқан
12:46, 9 қараша 2016
Соңғы 9 айда біздің облыс бойынша негізгі капиталға инвес...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...