Қарағанды облысында фармацевтикалық кластер құрылады

17:52, 25 қаңтар 2016

Тың бастама еліміздегі ірі кәсіпорындар мен ғылыми орталықтарды біріктіреді. Аймағымызда мұндай 15 өндіріс орны бар екен. Бұл облыс әкімінің орынбасары Әнуар Ахметжановтың төрағалығымен өткен жиында мәлім болды. Алқалы кеңес өзара келісім шартқа қол қою шарасымен түйінделді

Қарағанды облысында құрылғалы жатқан фармацевтикалық кластер өте қажет жоба дейді мамандар. Тың бастаманың өндірістік қуаты жылына 2 млннан астам ампула, 150 млн дәрі капсулалары шығаруға жетеді. Бұл фармацевтикалық өнімді өндіріп, оған инвестиция тарту отандық фармаөнеркәсіптің әлеуетін арттырып,  материалдық техникалық базасын  жаңалауға мүмкіндік береді.

Аймақтың фармацевтикалық кластеріне қатысушылар қатарына қазірде 15 кәсіпорын еніп отыр. Бұл тізімде  Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті, Қарағанды фармацевтикалық зауыты, «Астана» медициналық универсиететі бар. Өндіріс орындары  жаңа дәрі-дәрмек шығарса, жоғарғы оқу орны мықты мамандарды даярлайтын болады.

Жобаны жүзеге асыруда айырқша рөл атқаратын кәсіпорынның бірі әрі бірегейі Қарағанды «Фитохимия» холдингі. Өндіріс орнына таңдау тегін түспеген.  Ғылыми орталық бұған дейін адам денсаулығына шипа 500 түрлі шөптен дәрілер жасап, преператтардың 70 тен аса жаңа түрін ойлап тапқан.

 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағдайда мемлекеттік кіріс департаментіне 10 күн ішінде ақпарат беру керек
21:49, 17 қараша 2016
Енді қазақстандықтар шетелден қаржы немесе мүлік алған жағда...
Толығырақ...
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамып келеді
22:00, 15 қараша 2016
Сәтбаев қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дам...
Толығырақ...
Соңғы 9 айда біздің  облыс бойынша  негізгі капиталға  инвестиция тарту  көлемі 200 миллиардтан асқан
12:46, 9 қараша 2016
Соңғы 9 айда біздің облыс бойынша негізгі капиталға инвес...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...